Қайта қаржыландыру құпиялары: қаржылық жүктемені қалай дұрыс азайтуға болады

Жарияланды
Фото: Нұрбанк

Кредитті қайта қаржыландыру – қарыздық жүктемені азайтудың немесе өтеу жеңілдігі үшін бірнеше кредитті біріктірудің, сонымен қатар қосымша соманы алудың ең әмбебап әдісі. Қазақстанда бұл амал жыл сайын танымал болып келеді. Мәселен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметтері бойынша, 2015-2021 жылдар аралығында елімізде 233,5 млрд теңгеге 35 мыңнан астам ипотекалық қарыздар қайта қаржыландырылған. 

Ranking аналитикалық порталының деректері бойынша, Қазақстанда екінші деңгейдегі 21 банктердің 10-ы кредиттерді қайта қаржыландыру қызметін көрсетеді.

Алайда банктік өнім – қайта қаржыландырудың «күтпеген кедергілері», сондай-ақ кредитті неғұрлым тиімді шарттармен қайта қаржыландырудың жолдары туралы бәрі біле бермейді. «Курсив» редакциясы «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрайымы Гүлнәр Мұсатаевамен сұхбаттасты. Бұған дейін ол Қазақстанда кредиттерді қайта қаржыландырудың танымалдылығының артуы туралы тезисін растаған болатын.

Гүлнәр Абайқызы, сәлеметсіз бе. Қарызды қайта қаржыландыру қызметі жөнінде айтыңызшы?

 – Қайырлы күн. Қайта қаржыландыру кредиттік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Өнімнің арқасында қарыз алушы басқа банктердегі кредиттерін өтеп қана қоймай, сонымен қатар өзінің кез келген ағымдағы қаржылық қажеттіліктерін өтеу үшін қосымша белгілі бір соманы ала алады.

«Нұрбанктің» артықшылығы – біз біртекті кредиттерді  қайта қаржыландырып қана қоймаймыз. Мысалы, автокөлік кредиті кепілзатсыз кредит ретінде қайта қаржыландырыла алады және автокөлік кепілзаттық ауыртпалықтан босатылады.  

Жалпы, клиенттің кірісі азайып, кредиттерді өтеу қиынға соғатын ауыр өмірлік жағдайға тап болған жағдайда, оған қайта қаржыландыру қызметі жақсы шешім бола алады. Бұл жағдайда «мөлшерлеме төмен, өтеу мерзімі ұзағырақ» қағидаты бойынша қайта қаржыландыру қаржылық жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді.

 – Қарыз алушыға кредитті қайта қаржыландыру қандай жағдайларда тиімді болады?

 – Егер пайыздық мөлшерлеменің айырмашылығы жылдық 2-3% немесе одан да көп болса және кредит бірнеше жылға есептелген болса, қайта қаржыландыру клиент үшін тиімді болады. Айырмашылық аталған деңгейден аз болса, қайта қаржыландырудың пайдасы да болмайды. Жасырын комиссияларды артық төлемеу үшін ұсынылған шарттарды өте мұқият зерделеу қажет, қайта қаржыландыру кезінде ай сайынғы төлемнің мөлшерін анықтап алуды ұсынамыз. Мысалы, Нұрбанкте кредитті ұйымдастыру үшін комиссия кредиттің барлық сомасынан емес, тек «қосымша» сомасынан алынады. Бұл да біздің бәсекелестік артықшылығымыз.  

Бір мысал келтірейін. Басқа банктен 48 айға 1 миллион теңге сомасында кепілзатсыз кредит алсаңыз, ай сайынғы төлем 45 340 теңгені, артық төлем сомасы 1 млн 176 мың теңгені құрайды. Бұл кредитті Нұрбанкте қайта қаржыландырған кезде ай сайынғы төлем 37 180 теңгеден аспайды, артық төлем: 784 500 теңге болады. Пайдасы анық қой.

 – Қайта қаржыландыру кезінде пайыздар қалай есептеледі: кредиттің барлық сомасына ма әлде қосымша сомаға ма?  

 – Пайыздар қайта қаржыландырудың барлық сомасына есептеледі, өйткені бұл қарыз алушыға ағымдағы берешегі мен қосымша соманы өтеу үшін берілетін жаңа кредит. Яғни, қарыз сомасына негізгі қарыз сомасы мен қосымша сома кіреді.

 – Клиент қарызды қайта қаржыландыру кезінде тағы нені ескеруі қажет? 

 – Қосымша соманы алмай-ақ басқа банктен қайта қаржыландыру кезінде клиент өзінің төлем бойынша жүктемесін азайта отырып, ай сайынғы төлемдерге қолайлырақ шарттар алатынын білу маңызды. Ішкі қайта қаржыландыру кезінде клиент құжаттардың толық топтамасын беруге уақыт жұмсамастан тұтынушылық мақсаттар үшін қосымша соманы алады.

 – Бұл бас тарта алмайтындай қиын өте тиімді ұсыныс сияқты. Бірақ қайта қаржыландырудың қандай да бір қиындықтары бар ма? 

 – Біз әрқашан қаржылық мүмкіндіктеріңізді шынайы бағалауға және өзіңізді кредиттік міндеттемелермен жүктемеуге кеңес береміз. Өйткені кредитті қайтару керек қой. Өкінішке орай, көптеген борышкер қайта қаржыландыруды қарыздық жүктемені азайту құралы ретінде емес, жаңа кредиттер алу мүмкіндігі ретінде қарастырады. Тағы бір қиындық – қайта қаржыландыру кезінде сақтандыруды рәсімдеу қажеттілігі мен қарызды ұйымдастыру үшін жасырын банктік комиссиялар. Біздің әрқашан ұсынатынымыз: қарызды қайта қаржыландыруға әкелетін шығындарды және олардың түпкілікті пайдаға қаншалықты әсер ететінін мұқият есептеп алыңыз.

 – Қарызды қайта қаржыландыру үдерісі қалай жүргізіледі? Ол қанша уақытты алады және қаншалықты күрделі?

 – Қайта қаржыландыруға өтінімді қарау кезінде стандартты процесс қолданылады. Алдымен біз клиенттерге кредиттеу шарттары туралы кеңес береміз, содан кейін әлеуетті қарыз алушы барлық қажетті құжатты жинап, құқықтық бағалаудан және кепіл мәнін бағалаудан өтуі керек. Әрі қарай, біз қайта қаржыландыру өтінімін мақұлдау немесе бас тарту жөнінде шешім қабылдаймыз.

Бұл қызметтің кәдімгі кредиттеуден басты айырмашылығы – клиенттің берешегі және бастапқы қарыздың шарттары туралы ақпаратты міндетті түрде беруі және қарыз беруші банктен клиенттің берешекті өтеуі және кепіл мүлкін босату туралы кепілдікті хат алуы болып табылады. Кредит кепілзатсыз болса, ақша клиентпен қарыз келісімшартына қол қойылып, кепілдікті хат алынғаннан кейін бірден қарыз беруші банкке жіберіледі.

Жоба бойынша кепілзат қарастырылған болса, онда қарыз келісімшартымен бірге алдын ала кепілге қою келісімшартына қол қойылады, содан кейін транш қарыз беруші банкке жіберіледі. Қарыз беруші банк кепілзатты босатқаннан кейін біздің банк осы кепілзаттың ауыртпалығын тіркеу рәсімін жүргізеді, содан кейін клиентке екінші транш – қайта қаржыландыру сомасынан тыс мақұлданған, қарыздың қосымша сомасы беріледі.

Үдеріс кезеңі кепілзатсыз қайта қаржыландыру кезінде үш жұмыс күнін және кепілзат болған кезде жеті жұмыс күнін құрайды.

 – Мұндай қызметке сұраныс артады деп есептейсіз бе?

 – Бірінші кредиттік бюроның деректері бойынша, 2022 жылы берілген тұтынушылық кепілзатсыз кредиттердің көлемі 6,7 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 16,8%-ға жоғары. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы күй-жай бойынша бұрын банктер, МҚҰ, кредиттік серіктестіктер рәсімдеген кепілзатсыз қарыздар қоржыны 7,4 трлн теңгеге жетті.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір бесінші автокөлік кредитке сатылады, орасан көп мөлшерде тұрмыстық техника мен жиһаз күн сайын бөліп төлеу арқылы сатып алынады. Сондықтан болашақта қайта қаржыландыру қызметі сұранысқа ие болады деп есептейміз. Бұл біздің нарық үшін маңызды өнім деп айтуға болады.

* «Нұрбанк» АҚ-да Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылдың 3 ақпанында берген № 1.2.15/193 лицензиясы бар.

Сондай-ақ оқыңыз