WSJ бірқатар электромобиль брендтеріне банкрот болу қаупі төніп тұрғанын анықтады

Жарияланды
Фото: REUTERS/Maja Smiejkowska

Жақында ғана жария болған электромобиль мен аккумулятор шығаратын кем дегенде 18 стартаптың 2024 жылдың соңына қарай ақшасыз қалуы қауіп бар. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды. Бұл стартаптардың қатарында Nikola стартапы да бар. Оның негізін қалаушы алаяқтық үшін төрт жылға бас бостандығынан айрылған. Ал кем дегенде үш компания банкроттық рәсімдерін бастап та кетті.

The Wall Street Journal нарықтағы компаниялардың соңғы есебімен танысып шыққан. Басылымның жазуынша, 18 компанияның жетеуінің тек бірнеше аптаға ғана жететін ақшасы қалған. WSJ сауалына жауап берген бірнеше компания жаңа қаржыландыру көзін тартуды және шығынды қысқартуды жоспарлап отырғанын айтқан. 16 компанияның жұмыс істеуге және 2024 жылдан кейін де жұмысты жалғастыратын ақшасы бар. Алайда олар сатылымның артуын игере алмай жатыр. Олардың қатарында АҚШ-тағы Tesla-ның басты бәсекелестері: пикап шығаратын Rivian мен премиум-сегменттегі көліктер шығаратын Lucid Group бар.

Бұл стартаптардың барлығы автомобиль өндірісін  өзгертіп, электромобильдерді қолданып климаттың өзгеруімен күресеміз деген уәдемен инвестор тартқан. Бірақ жеме-жемге келгенде шығын ұлғайып, өндіріс барысында проблемаларға тап болған деп жазады WSJ. Lordstown Motors, Proterra және Electric Last Mile Solutions компаниялары банкроттыққа тапсырған. 

Аккумулятор шығаратын Romeo Power мен Volta қуаттау станциясы желілерінің операторы IPO-дағы бағадан біршама арзан сатылған. WSJ танысқан стартаптардың акцияларының  медианалық бағасы IPO-ға қойған кездегіден 80%-ға төмен. Бизнестің нарықтық құны бірнеше жылдың ішінде-ақ миллиардтаған долларға түсіп кеткен.

Жағдайдың жылдам өзгергенін бұл салаға деген инвестициялардың тәуекелінен айқын көруге болады. Сұраныс тұрақты өсіп келеді, алайда бұрынғыдай қарқын жоқ. Tesla және нарықтағы басқа да көш бастап тұрған компаниялар сатып алушыларды тарту үшін бағаны төмендетуге мәжбүр.

Сарапшылар не дейді

Электромобиль өндіруші компаниялардың құнды қағаздарының арзандауы ірі инвесторларға қатты әсер етті. Олардың қатарында которых BlackRock, Fidelity Investments және конгломерат Koch Industries бар. Бұлар осы салаға жүздеген миллион доллар салған. BlackRock түсініктеме беруден бас тартты, ал Fidelity жауап бермеді. Koch компаниясының өкілі компания алдағы ұзақмерзімге инвестиция салуды қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Институциональдық қана емес, сонымен қатар көптеген жеке инвестор зардап шекті, деп жазады WSJ.  

«Соңғы бірнеше жылда барлығы нарықта келесі Tesla кім болатынын іздеді», – дейді Chardan инвестициялық банкінің басқарушы директоры Брайан Добсон.

Контекст

Электрлік жүк көліктерін жасаушы Nikola стартапының негізін қалаушы Тревор Милтон алаяқтық жасады деп танылып, 18 желтоқсанда сот оны төрт жылға бас бостандығынан айырады. Сот алқасы Милтонның  Nikola технологиясы туралы инвесторларға жалған ақпарат таратқанын анықтады. Милтон инвесторларға Nikola жүк көлігін толығымен өздігінен құрайтынын айтқан. Ал компания өзінің аккумуляторларын жасап шығарғанына қарамастан, топ-менеджер басқа жеткізушіден сатып алғанын білген деп қорытындылады сот. Милтонның адвокаттары менеджердің кез келген дөрекі пікірі өзінің компаниясына қатысты оптимизмімен байланысты екенін айтқан. 

Сондай-ақ оқыңыз