ҚР Ұлттық статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2023 жылдың он айында Қырғызстан 805,4 миллион долларға 12,8 тонна алтын экспорттады.
Бір айда көрсеткіш бірден 2,9 тоннаға өсті. Бұл ретте Қырғызстан 2022 жылы осы кезеңде 905,6 мың долларға небәрі 69,4 килограмм алтын экспорттаған болатын.
«Биыл алтын шығару көлемі өткен жылдың деңгейінен екі есе көп»-делінген хабарламада.
Бағалы металл экспортының негізгі көлемі Швейцарияға жеткізіледі. Ол жерге 665 миллион долларға 10,6 тонна алтын жеткізілді.
Сонымен қатар, Қырғызстан Гонконгқа 60 миллион долларға 984,3 килограмм қымбат метал және Біріккен Араб Әмірліктеріне 80,3 миллион долларға 1,2 тонна алтын жеткізді.
2022 жылы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша алтынның барлық көлемі Түркияға экспортталды. Биыл бұл елге алтын экспорты болған жоқ.