Мәскеудің Таган соты Google-ге Украинадағы арнайы операция туралы жалған ақпаратты жүйелі түрде жоймағаны үшін айыппұл салды. Сот компанияға 4,6 миллиард рубль көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ТАСС.
«Компания әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 13.41-бабының 5-бөлігін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Роскомнадзордың талаптарына қарамастан, Google арнайы операция туралы жалған мәліметтерді жүйелі түрде жоймағаны дәленденді»,-деді хабарламада.
Google-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сәйкес, корпорацияға Ресей Федерациясының Украина аумағындағы арнайы әскери операциясы туралы жалған қоғамдық маңызды ақпаратты, YouTube-тен ЛГБТ мазмұны бар бейнелерді, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдарды алып тастау талап етілген.
Айта кетейік, Google 2023 жылы ең жиі ізделген ақпараттар тізімін жариялады. Әлемдегі пайдаланушылар «Барби» және «Оппенгеймер» фильмдерінен бастап, Газа секторындағы әскери қақтығысқа дейін мәліметтер іздеген.