Citi және Morgan Stanley 2024 жылы сатып алуға тұрарлық акцияларды атады  

Жарияланды
Сурет: «Курсив»

Американың Citigroup қаржылық конгломераты алдағы бір жарым жылда шағын банктердің акциялары «өте тартымды» болатынын айтып отыр. Morgan Stanley болса АҚШ-тағы аса ірі технологиялық компаниялардың акциялары өседі деп болжайды.

Аймақтық банктердің акцияларын алу тиімді 

Citi 18 банктің келешегіне шолу жасапты. Онда Western Alliance Bancorp, First Horizon, Popular және Bank OZK секілді аймақтық банктер жоғары баға алды. Бұл туралы Citi сарапшысы Бена Герлингер мәлім етті. Осы және басқа да банктердің акциялары қарашадан бастап ралли режимінде болса да, Citigroup қаржылық конгломератының сарапшысы аймақтық банктер 2024 жылы және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында «өте тартымды» болып қала беретін айтып отыр.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған төрт банктің акциялары да алдағы төртінші тоқсанда жақсы өсуі мүмкін. Citi сарапшысы қазір бұл банктердің капиталы жоғары деңгейде екенін айтады. Бұл өз кезегінде акцияларды сатып алуға, өсу қарқынын арттыруға немесе екеуіне де қатар мүмкіндік беретінін айтты.

KBW Nasdaq Bank индексі соңғы айда 15%-ға өссе де, жыл басынан бері 5%-ға түскен. SPDR S&P Regional Banking соңғы айда 16,5%-ға өскен. Алайда оның қазіргі құны Нью-Йорктағы биржада қаңтар айындағы бағадан 10%-ға төмен. Банктердің акцияларына S&P 500 банк секторының үш мүшесі – Silicon Valley Bank, Signature Bank және First Republic Bank-тің күйреуі әсер етті. Бұл ретте банктер Феральды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені өсіргенінен ұтты.

Morgan Stanley АҚШ-тағы жеті компанияға басымдық беріп отыр

Осы жылдың соңында акциялар раллиін болжаған Morgan Stanley сарапшысы Эндрю Слиммон АҚШ-тың ең қымбат компанияларының акциялары 2024 жылы бәрінен бұрын қымбаттайды деп болжап отыр.

«Бәрі келесі жылы нарық өседі деп ойлайды», – деді Слиммон. Оның сөзінше, АҚШ-тың ең ірі жеті компаниясы — Apple, Microsoft, Alphabet, Amazon, Nvidia, Meta Platforms және Tesla 2024 жылы өсуін жалғастырады. Өйткені бұл компаниялардың қазіргі кірісі өте жақсы, сондықтан келесі жылы акцияларының басым бөлігін сатып алады. 

Morgan Stanley сарапшысы Эндрю Слиммон биылғы жылы осы жеті компанияның акциялары күрт өскеннен кейін, олардың сараланған орташа бағасы келесі жылы да S&P 500 бағамынан асып түседі деп есептейді.

Сонымен қатар 2024 жылы бұл акциялар тағы да көш бастауы мүмкін. Сарапшы қаржы және өнеркәсіп секторындағы өсу қауқары бар және баға әлеуеті жоғары акцияларды қолда ұстаған жөн деп кеңес береді. 

Сондай-ақ оқыңыз