Қостанайда әуежай, мектеп пен 42 үй жылусыз қалды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
жылусыз қалды Қостанай
Қостанайда әуежай, мектеп пен 42 үй жылусыз қалды / kursiv.media

Қостанай қаласында коммуналдық апат салдарынан тұрғын үйлер жылусыз қалды. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы «Қостанай жылу энергетикалық» компаниясы хабарлады.

Компания ақпаратына сәйкес, «20 желтоқсан күні Герасимов көшесіндегі №4 тұрғын үйдің жанындағы жерасты жылу желісіндегі апат салдарынан жөндеу жұмыстары жүріп, сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін қаланың халықаралық әуежайы, №29 орта мектебі мен 42 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен жабдықтау уақытша тоқтатылады» екен, яғни осы ғимараттар жылусыз қалмақ.

Еске саламыз, 19 желтоқсанда Жезқазған ЖЭО «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-де бесінші және алтыншы қазандық істен шыққан. Бүгін таңертең бесінші қазандық жұмыс істеп тұр. Ал алтыншы қазандық жұмысы туралы нақты ақпарат жоқ. 

Энергетика министрлігі болса, республика бойынша электр станцияларында 8 энергоблок, 43 қазандық және осындай 43 турбинаға жөндеу жасалғанын хабарлады.

«Риддер және Екібастұз қалаларының ЖЭО, Ақтау қаласының энергия көздері үшін күрделі жөндеу, реконструкциялау және қажетті жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінді. Атап айтқанда, Көкшетау қаласының қазандығын жөндеуге 21,5 млрд. теңге бөлінді, бұл барлық негізгі жабдықтарды күрделі жөндеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Кентау қаласының ЖЭО жөндеуге облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге бөлінді,» делінген министрлік ақпаратында.

Қостанай қаласының жылу желілері туралы министрлік нақты ақпарат бермепті. Дегенмен, осы төтенше оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме болады деп сендірді, министрлік өкілдері.

10 желтоқсан күні «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС Екібастұз жылу электр орталығында апат болғанын хабарлады. Станцияның күл шығаратын құбырынан ақау шыққан болатын.

Ал 8-ші желтоқсанда Степногорск қаласы жартылай жылусыз қалды. Онда жылу құбырлар жүйесінде апат болған.   

Сондай-ақ оқыңыз