Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір қылмыстық іс сотқа жетті

Жарияланды
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - whatsapp-image-2023-06-16-at-12.03.11-1024x576.jpeg
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы / Айгерім Қыдырбаева

Астана сотында 8 жылға сотталған бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұған дейін экс-министрдің Астанадағы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен алды деген іс бойынша сот процесі басталды. 2023 жылдың 11 желтоқсанында Ұлттық музейге қатысты тағы бір эпизодты қаралып жатқан іске қосу туралы шешім қабылданды.

2023 жылдың 21 желтоқсанында өткен сот процесінде сотталушылар қатарында Арыстанбек Мұхамедиұлы, Абай Сатыбалдин, Леонид Кочетов, Алмас Нұразхан, Азамат Көшенов бар. Сотталушы Айым Садвокасова мен Гүлзат Жуаспаева сотқа онлайн қатысып отыр.

Айта кетейік, «Дипломат» қонақүйіне қатысты істе Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Гүлзат Жуаспаева сотталушылар қатарында болды.

Ал жаңа эпизодқа қатысты сотқа тартылғандардың бәрі – «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме ісіне қатысты сотталғандар.

Істі судья Әбинұр Қарабаев қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушы – Олжас Хайруллаев.
Сот отырысы барысында сотталушылар мен олардың адвокаттары айыптау актісімен танысу үшін уақыт сұрады.

Олар айыптау актісін 19 желтоқсанда алғанын айтып, қылмыстық-процестік кодекстің 355-бабын алға тартты. Бұл бапта сот процесінің айыптау хаттамасының көшірмелері табыс етілген күннен бастап үш тәуліктен ерте басталмайтыны көрсетілген.

Осылайша сот отырысы айыптау актісімен танысу уақытында кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Арыстанбек Мұхамедиұлы 28-баптың 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру) және 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында (аса ірі мөлшердегі сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлау) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

2023 жылдың 28 қыркүйегінде оның елордадағы «Дипломат» қонақүйін заңсыз иемдену әрекеті бойынша іс басталды.

Сондай-ақ оқыңыз