Филадельфия Федералды резервтік банкінің (ФРБ) президенті Патрик Харкер реттеуші пайыздық мөлшерлемені төмендетуі қажет деп мәлімдеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
«Ставкаларды төмендетуді бастау қажет. Бұл өте маңызды. Бірақ мұны тым тез жасаудың да қажеті жоқ», — деді Харкер сәрсенбіде жергілікті радиоға берген сұхбатында.
Харкердің айтуынша, экономиканың ретроспективті екенін ескеріп және статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, пайыздық мөлшерлеме болжанғаннан да тезірек төмендейді деді.
Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) басқа мүшелері наурыз айында реттеуші саясаттың жеңілдей бастайтындығын айтады. ФРЖ басшысы Джером Пауэллдің саясатты тез арада жеңілдету туралы соңғы сөздерінен кейін, инвесторлар қолданыстағы қазынашылық басылымдарын белсенді түрде сатып ала бастады. Ал бұл өз кезегінде олардың кірістілігінің төмендеуіне әкелмек.
Сан-Франциско Федеральді резервтік банкінің президенті Мэри Дейлидің айтуынша, бағаны тұрақтандыру үшін де жұмыс күшін қысқартуымызға тура келеді. Сондықтан инфляцияны 2 пайызға жеткізу үшін де алдағы кезеңдерді болжай отырып, шешім қабылдау керек дейді.
«Келесі кезең ФРЖ мөлшерлемені төмендететін уақыт емес. Біз инфляция 2%-ға дейін тұрақты екеніне сенімді болу үшін, ақша-несие саясаты қанша уақытқа дейін шектеулі болуы керек екендігі туралы айтып отырмыз, -деді Кливленд Федералды резервтік банкінің (ФРБ) Президенті Лоретта мырза.
Қараша айының басында Харкер ставкаларды тұрақты деңгейде ұстағанды жөн көретінін айтқан болатын.
14 желтоқсанда ФРЖ ставканы 5,25–5,5% көлемінде ұстау туралы шешім қабылдады. Бұл соңғы 22 жылдағы ең жоғары деңгей. Ставкалар орнықты деңгейінде де 2023 жылдың шілдесінен бері жалғасып келеді.