Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Самұрық-Қазынаның» еншілесін сатып алды

«ҚазМұнайГаз» Самұрықтың еншілесін сатып алды коллаж kursiv.media

«ҚазМұнайГаз» компаниясы «Самұрық-Қазынаның» еншілесі  – Polymer Production мұнайхимия компаниясын сатып алды. Енді «ҚазМұнайГаз» компанияның 100% үлесін иеленетін болады. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасына жолдаған ақпаратында жазылған. 

ҚМГ-ның биржаға ұсынған мәліметіне сәйкес, бұл оның құрамындағы 61-інші еншілес компания болып отыр. 

Polymer Production жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  «Самұрық-Қазына» тобындағы компания ретінде 2011 жылы құрылған. Ол Samruk-Kazyna Ondeu құрамындағы компания болды. Пропилен пленкаларын (БОПП), полиэтилен пленкасын және полипропилен қаптарын өндіреді. 

Компания Атырау облысындағы «Ұлттық индустариялды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аумағының резиденті. Бұл экономикалық аймақ өз кезегінде әлемдік деңгейдегі «алдыңғы қатарлы инвестициялық мұнай-химия жобаларын әзірлеу мен жүзеге асыру» мақсатында 2007 жылы құрылған болатын. 2021 жылдың қорытындысы (қазіргі уақытта жарияланған ең соңғы қаржы есебі осы) бойынша арнайы экономикалық аймақ 433 млн теңге зиян шеккен, ал бір жыл бұрынғы шығыны 400 млн теңге болған. 

Polymer Production компаниясынан өзге ҚазМұнайГаз 60 компанияның ірі үлесіне (10%-дан кем емес). Олардың арасында Dunga Operating GmbH, «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС, «ҚазТрансОйл», «ӨзенМұнайСервис», KMG Green Energy, үш мұнай өңдеу және бір газ өңдеу зауыты бар.