Алматы облысында «Алтын Орда» базарының тең иесі Данияр Әлпиев қамауға алынды. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Қарасай аудандық соты.
Сот хабарламасында күдіктінің тегі көрсетілмеген. Бірақ ҚазТАГ бұл ақпарат Әлпиев туралы деп жазды.
«Алматы облысы Қарасай аудандық сотында ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген (алаяқтық, яғни аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген Данияр Әлпиевқа қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы Алматы облысы Қарасай ауданы ПБ тергеушісінің өтініші қаралды», – делінген сот баспасөз қызметі.
Мемлекеттік айыптаушы, ол мүлікке қарсы ауыр қылмыс жасады деп күдіктелгенін, 2019 жылдың басында осындай ауыр қылмыс үшін сотталғанын, тергеу мен соттан жасырынып, істі объективті тергеу мен сотта қарауға кедергі келтіруі мүмкін екенін көрсетіп, өтінішті қанағаттандыруды сұрады.
Материалдарды зерттеп, тараптардың дәлелдерін тыңдап, сот, ҚІЖК-нің 136, 147 және 151-баптарын басшылыққа ала отырып, тергеушінің Әлпиевқа қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қанағаттандырды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, POS-терминал және QR төлем: «Алтын Орда» базары цифрландырылып, сайты ашылады деп хабарладық.