Жаңалықтар

Финляндия мигранттардың өтініштерін қарастырмай-ақ, Ресейге қайтарғысы келеді

Фото:absatz.media

Финляндия Үкіметі Ресей-фин шекарасы арқылы келген мигранттардың баспана туралы өтініштерін алдын-ала қарастырмауды жөн көрді. Үкімет миграттарды елдеріне қайтарғысы келеді. Бұл туралы STT агенттігі Премьер-Министр Петтери Орпоның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Бір қызығы, бұл шешімдер қаңтардың ортасында болатын шекараның жабылу мерзімі аяқталғаннан кейін қабылданады. Осы жағдайға қатысты премьер-министр Ресейдегі жағдай туралы білу және тиісті шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.

Премьердің айтуынша, қазіргі уақытта әртүрлі сценарийлер талқыланып жатыр. Соның ішінде мигранттардың баспана туралы өтінішінтерін қарастырмай, олар Ресейге оралуы мүмкін. Бұл қажет болған жағдайда жасалуы қажет шаралар кешенінің бір бөлігі болады. Бұған дейін Финляндия ІІМ шетелдік азаматтар туралы заңға түзетулер дайындап жатқандығы туралы хабарланған болатын.

Яғни, Үкімет баспана іздеушілердің өтініштерін қарау кезінде елдің аумағы арқылы өтуге және Еуропалық Одақтың басқа елдеріне кіруге шектеулер қарастырады.

Бұған дейін Финляндия Мемлекеттік Кеңесі Шығыс шекараны толығымен жабу туралы шешім қабылдағанын жазған болатынбыз. Бұл туралы Ішкі істер министрі Мари Рантанен мәлім етті.

Шекара 15 желтоқсанда сағат 20:00-ден 14 қаңтарға дейін жабық болады.