2023 жылы Ресей азаматтығын 13876 мың қазақстандық алған / Фото: kursiv.media
2022 жылы 42,01 мың қазақстандық Ресей азаматтығын алса, 26,3 мыңы тұруға рұқсат алған. Бұл ақпаратты Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Көрші елдің көші-қон басқармасы 591 мың қазақстандықты тіркеген. Оның 56,2 мыңы тұрғылықты жері бойынша, 534,8 мыңы ораласқан жері бойынша тіркелген. Көші-қон мәліметтерінде, іссапармен келгендер саны 12,5 мың, туристік мақсатта – 21 мың, оқуға – 93,7 мың, жұмысқа – 162,7 мың, жеке іссапарға – 212,6 мың, гуманитарлық сапарға – 312, басқа мақсаттарға келгендер 31,8 мың болған. Бұлардың ішінде 27,5 мың қазақстандық уақытша тұруға ықтиярхат алса, жыл соңына дейін уақытша тұруға 27,5 мың қазақстандық рұқсат алған. Ал 45,7 мың қазақстандықтың тұруға ықтиярхаты болған. Оның 26,3 мыңы ары қарай тұруға рұқсат сұраған.
Көрші елде еңбек шартымен жұмыс істеп жатқан 60,5 мың қазақстандық бар. Олар еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасқан.
Ал 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 4557 беларусь және 13876 қазақстандық Ресей азаматтығын алған. Осы жылдың қаңтар-маусым айларында барлығы 204 988 шетелдік Ресей азаматтығын алған. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға аз. ІІІМ мәліметі бойынша, қаңтар-қазан айларында Ресей азаматтығын алғандар саны 46%-ға азайып, 317 мыңға жеткен.
Жақында ғана Владимир Путин арнайы жарлыққа қол қойып, Ресей қазақстандықтар үшін азаматтық алу тәртібін жеңілдетті. Бұл жарлыққа сәйкес, Беларусь, Қазақстан және Молдова тұрғындары Ресей азаматтығын оңайлатылған тәртіппен ала алады. Беларустар Ресейде тұруға рұқсат алу үшін жеке басын және азаматтығын растайтын құжаттар ұсынуға тиіс. Ал қазақстандықтар мен молдовалықтар азаматтық алу туралы өтініш беріп, орыс тілін білетінін растауы қажет болады. Сонымен Ресей заңнамасынан тест тапсыруы мүмкін. Ал беларустықтарға соңғы екі талап қойылмайды.
Қазақстандағы ресейліктер
Ал Қазақстанда тұруға рұқсат алғандар саны 2022 жылдың толық жеті айында 2021 және 2020 жылдармен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Өткен жылы Ресей азаматтарынан тұруға рұқсат алуға кеп түскен өтініштер екі есе көбейген. 2020 жылы дәл осы кезеңде 2610 осындай өтініш түссе, 2021 жылы 2853. Ал 2022 жылы тиісті ведомстволар ресейліктерден 4566 өтінішті қабылдаған. Рұқсат немесе тұруға ықтиярхат алуға өтініш берген Ресей азаматтары көбіне Қарағанды (9 877 адам), Алматы (7 684), Шығыс Қазақстан (7 415), Қостанай (5 456) және Солтүстік Қазақстан (4 734) облыстарын таңдайды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың алты айында Қазақстан аумағына 40,8 мың ресейлік «жұмыс істеу» мақсатында келген. Бұл ретте, құрамына Ресей кіретін ЕАЭО азаматтары негізінен экономиканың басым секторларында тар профильді мамандықтар бойынша жұмыс істейді. Олар – өнеркәсіптік өндірістің менеджерлері, консалтинг саласындағы мамандар, қаржы, сақтандыру нарығы, интернет-технологиялар және IT секторы және логистика.