Жаңалықтар

Әлемде COVID-19-бен ауырғандар саны 28 күнде 52%-ға өскен

COVID

COVID-19 вирусын жұқтырған 3005 адам қайтыс болған / Фото: kursiv.media

Әлемде COVID-19 жұқпалы ауруы 28 күн ішінде 52%-ға өскен. Бұл жайлы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

Дүние жүзі бойынша 20 қараша мен 17 желтоқсан аралығында коронавирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші алдыңғы төрт аптамен салыстырғанда 52%-ға артқан. Бұл жұқпалы аурумен науқастанғандардың көбі Ресейде тіркелген. Бұл елде осы кезеңде – 279 359 адам анықталған. COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 8%-ға төмендеген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, төрт аптада әлемде 854 673 жағдай тіркеліп, 3005 адам қайтыс болған.

Ал Қазақстандағы жағдайға келере болсақ, қыркүйекте коронавирустың 10 648 жағдайы және пневмонияның 564 жағдайы тіркелген. Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауру көрсеткіші 36,5 есеге, 409 886-дан 11 212 жағдайға дейін төмендеген.

Өткен аптада елімізде коронавирус инфекциясының 116 жағдайы тіркеліп, өткен аптамен салыстырғанда 9%-ға, 127-ден 116 жағдайға төмендегені байқалды. Жаңа жағдайлардың ең көп саны Алматы (74 жағдай) мен Астанада (24 жағдай) тіркелген.

Қазақстанда Omicron штаммының Эрис және Пирола деп аталатын жаңа түрі анықталмағанын хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.