Әзірбайжан президенттігіне үміткерлер саны 15 адамға жетті

Жарияланды

Әзірбайжан президенттігіне сайлауға түсуге ниет білдірушілер саны 15 адамға жетті. Бұл туралы  Кazinform хабарлады.

«Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов 23 желтоқсан күні өткен отырыста мәлім еткендей, 7 адамның кандидатурасы бекітілді. Тағы 8 үміткерді бекіту мәселесі қарастырылып жатыр»-делінген хабарламада.

Әзірбайжанда сайлау 7 ақпанға белгіленді.

Әзірбайжанда сайлау 7 ақпанда өтсе, араға 40 күн салып ресейліктер өз президентін сайлайды.

Бұған дейін ақпан-наурыз айларында Әзірбайжан мен Ресейде президент сайлауы өтетінін жазған болатынбыз. Әзірбайжанда өтетін сайлау мерзімінен бұрын өткізіледі. Заңға сәйкес бұл елде президенттер әр 7 жыл сайын сайлануы керек. Әзірбайжанда соңғы рет сайлау 2018 жылы өткізілген. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойған.

Сондай-ақ оқыңыз