Джо Байден 2024 жылы ұлттық қорғанысқа 886 млрд доллар бөлу туралы заңға қол қойды
АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылы ұлттық қорғанысқа 886 млрд доллар бөлу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Интерфакс ру агенттігі хабарлады.
Құжат бойынша қорғаныс және энергетика министрліктерінің, АҚШ Мемлекеттік департаментінің және барлау қызметтерінің мамандандырылған бағдарламаларына 886,3 миллиард доллар бөлуді көздейді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28 миллиард долларға көп.
Бюджетте Украинаға 800 млн доллар бөлуді қарастырады.
«Заң болашақ қақтығыстардың алдын алу үшін қарулы күштерге қажет маңызды өкілет береді, сондай-ақ, осы миссияны күн сайын атқаратын әскери қызметкерлер мен олардың отбасын қолдауға бағытталған» делінген мәлімдемеде.
АҚШ Сенаты 13 желтоқсанда қорғаныс бюджеті жобасын мақұлдады.
12 желтоқсанда АҚШ президенті Джо Байден Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесу кезінде АҚШ Украинаға жеке әскери көмек ретінде 200 миллион доллар жіберетінін айтты. Көмекке әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарына арналған оқ-дәрілер, жоғары мобильді артиллериялық зымыран жүйелеріне арналған қосымша оқ-дәрілер, жоғары жылдамдықты радиолокациялық зымырандар, жеңіліс құралдары кешені, HESCO кедергілері және қосалқы бөлшектер кіреді.
17 қарашада АҚШ президенті Джо Байден үкіметті уақытша қаржыландыруға арналған заң жобасына қол қойған болатын. Жобада Украина мен Израильге көмек көрсету қарастырылмаған.