Украина Дүниежүзілік Банктің қолдау бағдарламалары бойынша $1,34 млрд алды
Украина Дүниежүзілік Банктің «Украинада тұрақты мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік шығындарды қолдау» (Peace in Ukraine) жобасы аясында 1,34 миллиард доллар алды, деп хабарлады елдің қаржы министрлігі.
Peace жобасының алтыншы пакетін қаржыландыруға, Украинаны қалпына келтіру және реформалау сенім қоры (URTF) арқылы Норвегиядан $190 млн, АҚШ үкіметінен $50 млн, сондай-ақ Швейцария үкіметінен $20 млн қаржылай көмек көрстелді.
«Ақшалай қаражат Украинаның Мемлекеттік бюджетінің шығындарына, атап айтқанда, зейнетақы төлемдері мен төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет қызметкерлеріне төленетін жалақыны ішінара өтеуге бағытталатын болады», – деп атап өтті Қаржы министрлігі.
Айта кетейік, Джо Байден 2024 жылы ұлттық қорғанысқа 886 млрд доллар бөлу туралы заңға қол қойды. Бюджетте Украинаға 800 млн доллар бөлуді қарастырады.
Сонымен қатар, АҚШ G-7 елдерін Ресейдің тыйым салынған активтерін Украинаға беруге үгіттеп отыр.