Қазақстаннан шығуға тыйым салынған борышкерлердің тізімі мобильді қосымшада тіркелді

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:shutterstocks

Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп АІЖО ААЖ (атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) мобильді қосымшасын әзірледі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, пайдаланушылар үшін келесідей қызметтер қолжетімді:

Бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу.

Елден шығуға уақытша тыйым салу мен шектеулерін тексеру.

Онлайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады (елден шығуға, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу, нотариаттық іс-әрекеттер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б)

Атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау.

QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу.

Қосымшаны мобильдік App Store және GooglePlay платформасынан жүктеп алуға болады.

Бұған дейін қарызына байланысты 2023 жылы шығуға уақытша шектеу қойылғандар тізімінде 117 381 адам енген, оның 223-і шетелдіктер. Олардың қарыздарының жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады. Борышкерлердің көпшілігі ер адамдар. Ер адамдардың қарызы әйелдерге қарағанда 40% көп.

Соңғы бес жылда Қазақстаннан шыға алмаған борышкерлердің ең көп саны 2019 жылы тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз