Жаңалықтар

Президенттік жастар кадр резервіне кімдер өтті?

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қорытындысы шықты/kursiv.media

Қазақстан Республикасы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлады.

Ұлттық комиссияның шешімімен Резервке 50 адам қабылданған. Іріктелген кандидаттардың тізімі pkrezerv.gov.kz. сайтында жарияланды.

Ұлттық комиссияның қарауына 100 үміткер жіберілген. Қорытынды кезеңнен өтпей қалған 50-іне өңірлік кадрлық резервтерге өту ұсынылады.

Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтар саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервте болу мерзімі – 3 жыл.

Президенттік жастар кадр резервін құру Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында айтылып бастау алған. Президенттік жастар кадр резервіне жасы 35-тен аспаған жоғары білімі, 5 жылдан кем емес еңбек өтілі, мемлекеттік тілді В1 деңгейінде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Биылғы жылы Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу 1 қыркүйегінде басталды.