Жаңалықтар

Таразда балабақша басшысы 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген

коллаж:kursiv.media

Тараз қаласының прокуратурасы балабақшада ірі көлемде қаражатты жымқыру фактісін анықтаған.

Істің мәнісі: Тараз қаласындағы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығы 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыруды деген күдікке ілінген. Қаражат мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген.

Балабақша басшысы жоқ балалар үшін бюджет қаражаттарын алған. Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы қылмыстық іс қозғалған. Балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Балабақша жайлы не белгілі: eGov мәліметінше, «РозАл Центр» ЖШС 2015 жылы Тараз қаласында тіркелген. Кәсіпорын мектепке дейінгі тәрбиемен айналысады. Құрылтайшысы – Роза Аюпова, бірінші директоры – Людмила Ефанова.

Осыдан бұрын Жамбыл облысында балабақша қызметкері 54 миллион теңгені жымқырғанын жазған болатынбыз. Ол бірнеше жыл бюджет қаражатын аударып келеді.