Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған Мәди Ахметов басқарма басшысы болып тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Мәди Ахметов басқарма басшысы болып тағайындалды
Мәди Ахметов басқарма басшысы болып тағайындалды. Фото: www.instagram.com/madi_akhmet

Бұрынғы мәжіліс депутаты Мәди Ахметов жаңа қызметке келді. Ол Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің бұйрығымен облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ахметов 2019 жылы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынған еді.

Мәди Ахметов 1995 жылы 18 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған

Ахметовтің есімі 2019 жылдың маусымындағы мәлімдемесінен кейін танымал болды. Ол «қазақ жастарының атынан» Алматыда тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынды. Назарбаевтың өзі ескерткіштен бас тартқан болатын. Кейіннен президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

2021 жылы 25 жасында Мәжілістің ең жас депутаты атанды. Бұған дейін «Нұр Отан» (қазіргі Аманат) партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы қызметін атқарған. Сонымен қатар, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры басшысының кеңесшісі қызметін атқарды.

Сондай-ақ оқыңыз