Атақты боксшы Серік Нұрқазовты туыстары 10 күннен бері іздестіріп жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
Серік Нұрқазов

Серік Нұрқазов 14 желтоқсаннан бері хабарсыз кеткен/ Фото: ашық дереккөздерден

64 жастағы даңқты боксшы Серік Нұрқазов 14 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазіргі таңда боксшыға туыстары іздеу жариялаған.

Оның қайда бет алғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Ол Алматыдағы үйінен 10 күн бұрын белгісіз бағытқа шығып кеткен.

«64 жаста. Денсаулығына байланысты диагнозы бар. Ол 14 желтоқсан күні Алматыдағы Медеу ауданындағы мекенжайынан сыртқа шығып кеткен. Алайда кешке үйге оралмаған. Ол сол күні үйден шығарда сұр түсті бас киім, қалың көк күрте, ақ түсті водолазка, қара джинсы шалбар киген. Сипаттама бойынша оның шашы ақшыл сұр түсті, сақалы бар», – делінген іздеу хабарламасында.

Қазіргі таңда қарияны іздеуге волонтерлар атсалысып жатыр. Серік Нұрқазовты көргендер болса +7 702 712 79 22 телефон нөміріне хабарласуларын сұраймыз.

Серік Нұрқазов Ол КСРО-ның үш дүркін чемпионы. Бұл атақты боксшы 1983 жылы, 1984 жылы, 1986 жылы алған. Сонымен бірге 1983 жылы Болгарияның Варна қаласында өткен сайыста Еуропа Чемпионы атанған. 1983 жылы Италияның Рим қаласы Әлем Кубогының күміс жүлдесін иеленген. Ал 1984 жылы Кубаның Гавана қаласы «Дружба-84» халықаралық жарысының күміс жүлдегері атанса, осы жылы КСРО-АҚШ матчтық кездесуінде де жеңімпаз атанған.

Сондай-ақ оқыңыз