Ресейлік компания салып беретін 3 ЖЭО пайдалануға берілетін мерзімі анықталды
Ресей тарапы 2027 жылға қарай Көкшетау мен Семейде, ал 2030 жылы Өскеменде ЖЭО құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысының Санкт-Петербург қаласына жасаған сапары барысында тараптар келісімге қол қойды. Бұл туралы sputnik.kz сайты хабарлады.
Қазақстандағы 3 ЖЭО жобаларының мердігері ресейлік «ИНТЕР РАО-Экспорт» компаниясы болды.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, бұл жоба Қазақстанның энергия жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.
«Интер РАО Экспорт» компаниясы біздің ЕРС мердігер ретінде бұл жобаларды жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ, «Интер РАО Экспорт» тиісті қаражат Ресей банктерден тартатын болады. Олар қарыз ретінде Ресей банктерінен тартады. Несиенің мерзімі 15 жыл болады, ал пайыздық ставкасы 7,5-8% құрайды»-деді Нұрлан Жақыпов.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовтың айтуынша, Ресей Екібастұз ГРЭС-1 үшін 3-ші және 4-ші энергия блоктарын салады.
Айта кетейік, Ресей Қазақстанға үш ЖЭО салуға көмектеседі деп хабарладық. Ал Ресей Көкшетау, Семей мен Өскемен қалаларында ЖЭО салу үшін қаржыны қайдан алады?
Сонымен қатар, Қазақстандағы 3 ЖЭО-ны ресейлік «Интер РАО» салатыны белгілі болған.