2024 жылы Қазақстан қор нарығындағы ең тартымды 5 акция
Жарияланды
Freedom Broker сарапшылары Қазақстан қор нарығындағы 2024 жылы инвестиция салуға тұрарлық 5 компания акциясын атады.
- Қазатомөнеркәсіп. 2023 жылғы уран раллиі бенефициары акцияларының 2024 жылы да қымбаттауына толық мүмкіндік бар. Қазіргі кезде уран фьючерстері көтеріліп жатыр, егер бұл серпін әлсіремесе, баға тамыз-қыркүйек айларындағыдай өсуі ықтимал. Оған негізгі себеп – Еуропа мен АҚШ-тағы көмірсутекке балама ретінде атом энергетикасына деген қызығушылық есебінен шикізатқа сұраныстың артуы. 2024 жылы компания 1 акция дививдендіне 1000 теңге бөлуі мүмкін, бұл 2022 жылғы көрстекіштен 30%-ға жоғары. Оған қоса алдағы уақытта уран сатылымы өсетінін де ескенген жөн.
- Қазақтелеком. Эмитент акцияларының өсу әлеуеті шамамен 30% құрайды. Компания негізгі қызмет бағыттарынан түсетін кірісі өсіп, операциялық ақша ағыны артады деп күтіп отыр. Компанияның қаржы нәтижесіне негізгі қысым Kcell-дің шығыны әсер етуі ықтимал. Дегенмен, 2024 жылы бұл актив сатылуы мүмкін. Бұл өз кезегінде қосымша дивиденд алу мүмкіндігін береді. Оның көлемі әдеттегіден бірнеше есе көп болмақ. Осыған ұқсас сценарий 2012 жылы «Қазақтелеком» еуропалық Telia Sonera компаниясына Kcell бағалы қағаздарының 49% пакетін сатқан кезде жүзеге асқан. Сол кезде 1 акция дивидендіне 1800 теңгедей бөлінген еді. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 1328,8 теңге болған. Мәміле келесі жылы аяқталуы мүмкін, ал түпкілікті дивидендтің мақсаты – 15 мың теңге.
- KASE индексіндегі ETF. FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF бір уақытта индекстің бүкіл акциясына инвестиция салуға мүмкіндік береді. Егер басқа бағалы қағаздар үлесін бір мезгілде 20%-ға арттыра отырып, қоржыннан «Қазтрансойл» мен Kcell акцияларын шығарып тастасақ, онда портфельдің кірістілігі бұрынғыдай 15,3 пайыз емес, шамамен 23%-ды құрайды.
- Halyk Bank. Сарапшылардың бағалауынша, компания акциялары іргелі өсімнің ең үлкен резервіне ие: алдағы 1 жылдағ 36% өсім көрсетуі ықтимал. 2023 жылы банк кіріс пен несие портфелі көлемін арттырып, өз болжамын жүзеге асыруға қабілетті. Жалпы алғанда, эмитент оң немесе орташа оң шектерде сақталатын тұрақты қаржы нәтижесіне ие. Бұл оның бағалы қағаздарын ұзақ мерзімді инвестициялық тартымдылықпен қамтамасыз етеді. 2024 жылы инвесторларды Қазкомды иемденгеннен кейінгі дивиденд мәселесі алаңдатуы мүмкін, сондықтан үкімет акционерлерге төлем төлеуге бірқатар шектеу енгізуге құқылы. Дегенмен, мұны ескергеннің өзінде Халық банкі өсу әлеуетін сақтап отыр.
- Kaspi.kz. Kaspi келесі жылы өсім көрсетуіне себеп көп. Халық банкі секілді, финтех компаниясы да қаржы көрсеткішін жақсартып және рекордтық деңгейде пайда алып жатыр. Бұл эмитенттің АҚШ елінде IPO-ға шығу туралы жоспары акцияларына жақсы әсер етеді. Компания басшылықы осы жоспарын растаған.
Freedom Broker келесі жылы инвестиция салуға тұрарлық шетелдік компаниялардың тізімін жасаған еді.
Олардың қатарында Amazon сынды технологиялық компаниядан бастап, денсаулық сақтау және жылжымайтын мүлік саласындағы компаниялардың бағалы қағаздары бар.