Бас прокуратура Тимур Құлыбаевтың серіктестерін тексереді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Бас прокуратура Тимур Құлыбаевтың серіктестерін тексереді / freepik, olympic.kz және gov.kz

Бас прокуратура мәжіліс депутаттарының сауалынан кейін Тимур Құлыбаевқа байланысты кәсіпкерлер мен компаниялардың активтерін Қазақстаннан заңсыз жылыстау ісіне қатысты тексеру жүргізеді.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жекелеген тұлғалар мен компанияларға қатысты берілген ақпарат үшін алғысымызды білдіреміз. Ол тиісті ведомствоның қызметінде ескерілетін болады», – деп жазған депутаттар сауалына берген жауабында Бас прокурор Берік Асылов.

Айта кетейік, желтоқсанның басында жолдаған сауалында мәжіліс депутаттары Бас прокурорға Құлыбаевпен байланысты азаматтарға қатысты құжаттарды көрсететіндерін айтқан.

«Берік Ноғайұлы (Асылов – ред.), Тимур Құлыбаевтың атжалмандары ұрлаған активтер жөніндегі ақпаратты сіздің өзіңізге қосымша жолдап жіберемін (көрсету). «СК Петролиум» серіктестігінен келіп түскен «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» концорциуымынан (директоры Талғат Жұмаділдаев пен оның ұлы Абылай Жұмаділдаевқұа қатысты) ұрланып, шетелге тығылған 300 млн доллар активті іздеп қиналмайтын боласыздар!»,  – делінген депутаттар сауалында.

Бас прокуратура Активтерді қайтару жөніндегі комиссияның бірнеше отырысы өтіп, бірқатар азаматты тізімге енгізіп, олардың декларацияларын күтіп отырғанын жазған.

«Сонымен қатар біз жүздеген активтерді, яғни ірі холдингтерді бақылайтын тұлғалар туралы айтып отырғандықтан, Комитет деректердің үлкен көлемімен, соның ішінде шетелдік көздерден алынған деректермен айналысады», –делінген Бас прокурор жауабында.

Бұдан бөлек, Бас прокурор Активтерді қайтару жөніндегі комитет сарапшыларының қазір субъектілер мен серіктес тұлғалардың 250 мыңға жуық банктік операцияларын қарастырып жатқанын жазған. 

Ол қазірдің өзінде мемлекетке 950 млрд теңгеден астам активтің қайтарылғанын атап өткен.

Айта кетейік, «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» концорциуымы Атасу – Алашанькоу мұнай құбырын жобалау, құрылысын жүзеге асыру және пайдалану мақсатында құрылған – бірлескен кәсіпорын. Оның қазақстандық «ҚазТрансОйл» мен Қытай ұлттық мұнай-газды барлау корпорациясының келісімі аясында жұмыс істейді.

Осыған дейін мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда депутат Бақытжан Базарбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заңсыз сатылған жеріне қатысты дау жалғасып жатқанын хабарлады. Депутат атап көрсеткендей, университет аумағынан жер телімін алған компаниялардың Тимур Құлыбаев пен Динараға Құлыбаевға тікелей қатысы болған.

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасы шілдеде қабылғандан. Заң жобасының елге алып келетін өзгерістері туралы жазған едік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі бизнес өкілдерімен өткен кездесуінің ең маңызды тақырыбы заңсыз алынған активтерді қайтару болды. Тоқаев активтерді қайтару туралы алғаш рет 2021 жылдың мамырында айтқан болатын, тек 2023 жылдың шілдесінде бұл идея заң ретінде жүзеге асты.

Сондай-ақ оқыңыз