Еліміздің 5 облысының 21 учаскесінде жолдар жабылды
Қазақстанның 5 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл жайлы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақмола облысының – 6 учаскесінде «Астана-Петропавловск» автожолының 18-234 км, яғни Астана қаласы мен Щучинск қаласына дейінгі аралық. Сонымен бірге «Көкшетау-Атбасар» автожолының 47-184 шақырымы бойынша, Зеренді ауылынан – Атбасар қаласына дейін, «Екатеринбург – Алматы» автожолының 917-1230 км, Жақсы ауылынан – Қажымұқан ауылына дейін, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 232-260 км, Қостанай облысының шекарасынан – Сұрған ауылына дейінгі аралық, «Жезқазған-Петропавловск» автожолында 377-552 км, Қостанай облысының шекарасынан -Сұрған ауылына дейін, «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолында 0-82 км, Жақсы ауылынан – Бұзылық ауылына дейінгі жол жабылды», – делінген хабарламада.
Бұл учаскелерде көктайғақ болуы мүмкін. Тұманға байланысты көрініс те шектеулі. Осыған орай көліктің барлық барлық түріне шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысында – 4 учаскеде жолдар жабылды. Олар:
- «Самара-Шымкент» автожолында 526-610 км. Батыс Қазақстан облысының шекарасынан- Қобда ауылына дейін жол жабық. Мұнда көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілген.
- «Самара-Шымкент» автожолының 776-844 км, Ақтөбе – Хромтау қалаларының аралығы.
- «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолында 0-234 км, Қарабұтак ауылынан -Қостанай облысының шекарасына дейінгі жол. Екі учаскеде шектеу жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге енгізілген.
- «Самара-Шымкент» автожолында 844-1153 км, Хромтау қаласынан – Ырғыз ауылына дейін қарлы боран мен көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Ал Жетісу облысында- 1 учаскеде жол қозғалысы шектелген. Ол – «Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырымы, Көктұма станциясынан -Достық станциясына дейін, көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Бұл жерде дауылға байланысты көрініс шектелуі мүмкін.
Батыс- Қазақстан облысында, «Самара-Шымкент» автожолында 393-526 км, Жымпиты ауылынан -Ақтөбе облысының шекарасына дейін жол жабық. Көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Қостанай облысының 9 жол учаскесінде қозғалыс шектеледі. Олар:
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 218-232 км, Октябрьское ауылынан -Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық.
- «Жезқазған-Петропавловск» автожолында 339-377 км, Арқалық қ. -Ақмола облысының шекарасына дейінгі жол. Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілді
- «Қарабұтак-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Костанай» автожолында 234-386 км, Ақтөбе облысының шекарасынан-Денисовка ауылына дейін жол жабылды.Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.
- 4.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 108-218 км, Әулиекөл ауылынан -Октябрский ауылына дейінгі аралық.
- 5.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 7-108 км, Тобыл қ- Әулиекөл ауылына дейінгі жол.
- 6.«Екатеринбург-Алматы» автожолында 556-686 км, Тобыл қ. – Сарыкөл ауылына дейін.
- 7.«Екатеринбург-Алматы» автожолында 418-539 км, Қарабалық ауылынан -Костанай қаласына дейін.
- 8.«Мамлютка-Қостанай» автожолында 250-404 км, Тобыл қ. – Ұзынкөл ауылына дейін.
- 9.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолында 386-503 км, Рудный қ. – Денисовка ауылына дейін жол жабық.
Бұл өңірлерде нөлден төмен температура, жаңбыр, көктайғақ және екпінді жел күтіледі. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.