Күріштің әлемдік бағасы жаңа рекорд орнатты
Танымал өнімнің әлемдік бағасы соңғы 15 жылда жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы Таиланд күріш экспорттаушылар қауымдастығына сілтеме жасай отырып, Bloomberg хабарлады.
Таиландтың ақ күрішінің құны тоннасына 659 долларға дейін өсті. Бұл 2008 жылдың қазан айынан бері ең жоғарғы деңгей. Үндістанның ең ірі экспорттаушысы күрішті жеткізуді шектегеннен кейін, астық 38 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ, ауа-райының қолайсыздығы егіннің нашарлауына әкелді.
Қауымдастық атап өткендей, күріш Азия мен Африкадағы миллиардтаған адамдардың тамақтануындағы маңызды өнім болып табылады. Ал оның рекордтық қымбаттауы аймақтағы инфляцияны арттырып, импорттың қымбаттауына әкелуі мүмкін.
Шілде айында Қызылорда облысы әкімі Нәлібаев елімізде күріштің бағасы 25,8%-ға өсті. Сарапшылар Оңтүстік-Шығыс Азия ме Ресейдің Краснодар өлкесінде күріш алқаптарының қысқаруын атап өтті. Осының салдарынан күріш тапшылығы 8,7 млн тоннаны құрайды. Дүниежүзілік банк сарапшылары күрішке деген сұраныстың артуынан 2024 жылы оның бағасы өсетінін мәлімдеуде деген болатын.