Жаңалықтар

Santa Claus Rally үздіктері: 2024 жылы қандай акциялар қымбаттайды?

Santa Claus Rally
Santa Claus Rally үздіктері кім? REUTERS/Brendan McDermid/File Photo


1972 жылы Stock Trader’s Almanac кітабының авторы Йель Хирш Santa Claus Rally терминін енгізді. Ол S&P 500 индексіндегі ауытқуларды талдап, негізгі заңдылықты анықтаған: жыл соңындағы бес сауда күні мен келер жылдың алғашқы екі сауда күнінде акциялардың бағасы 79,2% жағдайға өскенін байқаған. 1950 -2020 жылдар аралығында Санта-Клаус раллиі 57 рет өтіп, ал S&P 500 орта есеппен 1,3% өсім көрсетіпті.

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, желтоқсан – акциялар үшін ең керемет ай. Алайда биылғы ралли ФРЖ-ның қарашадағы жиынынан кейін-ақ басталып кеткен. Трейдерлер ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдің түсініктемелерін еңбек нарығы мен инфляция баялауы әсерінен ФРЖ ақша-несие саясатын қатаңдату циклін аяқтап қалды деп түсінген. Осы ретте Freedom Finance Global талдаушысы Темірлан Абсалямов жыл соңында Санта Клаус раллиі нәтижесінде қымбаттауы мүмкін кейбір акцияларды қарастырып өтті.

Amazon (AMZN). Электрондық коммерция алыбы Amazon мерекеге дайындыққа алдын ала жақсылап кірісті. 10-11 қазанда Prime Day жаппай сатылымын аяқтаған соң, компания жаңа жылға қарай бүкіл әлем бойынша тағы 250 000 қызметкерді жалдайтынын жариялады. Олар толық немесе жарты күндік, сондай-ақ уақытша маусымдық жұмысқа орналастырылады. Айта кетейік, жыл соңындағы жаппай сатылым алдында компания 2022 жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда жұмыс күшін 100 мың адамға арттырып отыр.

Amazon компаниясының жылына екі рет өткізілетін Prime Day акциясы компанияның кірісін арттыруда маңызды рөл атқарады. Шілдедегі сатылым 12 миллиард доллар табыс әкелді, бұл – Amazon-ның қазіргі кездегі ең табысты Prime Day-ы. Мерекелік сауда маусымын ұзарта отырып, Amazon өзінің Prime Day сату іс-шарасын төртінші тоқсанның басында өткізеді.

Сонымен қатар, компания қараша айының соңына қарай стратегиялық түрде белгіленген және Алғыс айту күніне байланысты Жомарт жұма мен кибер дүйсенбідегі сатылымдардан туындаған серпінді пайдаланады. Инвестбанктің орташа мақсатты бағасы $178 құрайды (шамамен 16% жоғары).

Meta Platforms (META). Технология алпауыты Meta Platforms жыл соңында акциялар сатылымы артады деп күтіп отыр. Егер инвесторлардың көңіл-күйі жақсарып, Санта раллиі жалғасын тапса, оның акциялары айтарлықтай пайда әкелуі мүмкін. Жақында компания көптеген жаңа электроника үлгісін ұсынды. Бұл ұсыныстардың ішіндегі ең бастысы – Quest 3 виртуалды шындық гарнитурасы, оның бағасы 499 доллар тұрады, бұл компанияның бейнеойындарға бағыт алғанын көрсетеді.

Жаңа Quest 3 гарнитурасы Microsoft Xbox ойындарында қолдауға арналған, бұл оны ойыншылар үшін тартымды етеді. Атап айтқанда, Meta-ның ең жаңа VR гарнитурасы Apple Vision Pro кеңейтілген шындық гарнитурасы шығарылымынан бірнеше ай бұрын нарыққа шықты. Ал Apple өнімі тек 2024 жылы саудаға түспек.

Сонымен қатар, Meta өзінің Ray-Ban аралас шындық смарт көзілдірігінің жаңартылған нұсқасын таныстырды, ол дыбыстық бұйрықты пайдалана отырып фотосурет пен бейне түсіре алады. Сатылымы да жақсы болады деген болжам бар. Санта раллиі орын алса, әрі қарай өсу перспективасы алыс емес. Инвестбанктің орташа мақсатты бағасы $385 құрайды (шамамен 10% жоғары).

Apple (AAPL). Егер жыл соңындағы мерекелік сатылымнан пайда көретін тағы бір технологиялық компания болса және оның акцияларының бағасы өссе, онда бұл – Apple. Жыл сайын қыркүйек айында компания мерекелік сатылымдар алдында түрлі электрониканың жаңа түрін ұсынады. iPhone мен MacBook компьютелерін қоса алғанда, оның өнімдерінің сатылымы жоғары болады.

Былтыр қыркүйек айында Apple смарт-сағаттарын, iPad, AirPods және жаңа зарядтау порты мен берік титан корпусы бар iPhone 15-тің жаңа нұсқасын ұсынды. Apple компаниясының жыл соңындағы сату қарқыны көптен күткен Vision Pro аралас шындық гарнитурасы шығарылымының арқасында 2024 жыл басында да жалғаспақ, AAPL акциялары Санта-Клаус раллиінен туындаған кез келген өсімнен пайда көре алады. Инвестициялық акциялардың орташа мақсатты бағасы – $216 (шамамен 10% жоғары).

Walmart (WMT). Бөлшек сауда алыбы – Ризашылық күнінен Рождествоға дейін тәулік бойы жұмыс істеу үшін қызметкерлерді қосымша жалдап, жыл соңындағы мерекелерден пайда табуға барын салатын бизнес. Walmart сонымен қатар Black Friday мен Cyber ​​Monday сатылымдарынан, Бокс күніндегі арнайы акциялардан үлкен пайда көреді. Электроникадан ойыншықтарға дейінгі түрлі тауарға жеңілдік ұсына отырып, Walmart мереке уақытында дүкендерде де, онлайн режимінде де сатылымын айтарлықтай арттырады.

Компанияның соңғы қаржы есебіндегі көрсеткіштер Уолл-стриттің екінші тоқсандағы болжамынан асып түсті. Азық-түлік секторындағы күшті сатылым мен онлайн шығындардың өсуіне байланысты Уолмарт екінші тоқсанда акцияға шаққандағы 1,84 доллар кіріс алды. Компанияның кірісі 161,63 миллиард долларға жетіп, сарапшылардың 160,27 миллиард доллар болжамынан асып түсті. Айта кетейік, екінші тоқсанда Walmart-тағы электрондық коммерция сатылымы бір жылмен салыстырғанда 24%-ға өсті. Акцияларының орташа мақсатты бағасы – $178,6 (шамамен 14,8% жоғары).

American Express (AXP). Тұтынушылар әдетте мерекелік шығын үшін несие карталарын пайдаланады. Бұл өз кезегінде American Express үшін тиімді. Несие картасы компаниясы әдетте жылдың аяғында сауда маусымында жақсы жұмыс істейді. Биыл қыркүйекте American Express өз клиенттеріне «Мерекелік маусымда трафикті пайдаланудың 7 стратегиясы» атты есеп таратты.

Компания сонымен қатар Рождестволық сауда маусымы қарсаңында тұтынушыларға несие карталарын белсенді түрде ұсынады. Компанияның үшінші тоқсандағы соңғы қаржы нәтижесі тұтынушылардың несие карталарын пайдалануы өскенін байқатады. American Express алтыншы тоқсан қатарынан рекордтық кіріс алған, үшінші тоқсандағы табысы $2,45 млрд немесе бір акцияға $3,30 құрады. Бір қызығы, бұл көрсеткіш бір акцияға 2,96 доллар болады деп күткен Уолл-стрит сарапшыларының болжамынан асып түсті. Акцияларының максималды мақсатты бағасы – $205 (шамамен 10% жоғары).

Target (TGT). Тағы бір бөлшек сауда алыбы Target әдетте мереке маусымында сатып алушыларға үлкен жеңілдіктер ұсынатындықтан, саудасы керемет жүреді. Target қазіргі жағдайында тұрақтылық танытып, табысын арттырды және кіріс болжамын орындады. Target компаниясының өнімді таңдау және ыңғайлылыққа баса назар аударуы, сондай-ақ қолжетімді брендтерімен серіктестігі оны бөлшек сауда кеңістігіндегі орнын айқындайды.

Target-тің тартымды бағасы, оның алға қарай P/E және PEG коэффициенттері, сондай-ақ Walmart және Costco-ға қатысты бәсекелестік позициясы оның инвестициялық жағдайын нығайтады. Компания мен оның акциялары жылдың соңында Санта раллиінен пайда көре алады. Инвестициялық банктердің орташа мақсатты бағасы $150 (шамамен 14% жоғары).