Жаңалықтар

Мусиннің министр қызметінен кететіні рас па

Бағдат Мусин министр
Мусиннің министр қызметінен кететіні рас па / Асқар Ахметуллин, shutterstock

Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің министр қызметінен кетіп, «Қазақтелеком» компаниясына қызметке ауыспайды. Бұл туралы министрлік баспасөз хатшысы хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде министр Бағдат Мусиннің басқа қызметке ауысатыны туралы жарияланымдарға қатысты мынаны хабарлаймыз. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бүгінгі күні өз қызметін жалғастыруда. Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды»,– делінген министрлік хабарламасында.

Осыған дейін желіде «цифрлық даму министрі Бағдат Мусин алдағы жылы министр қызметінен кетіп, «Қазақтелеком» компаниясына басшы болып тағайындалады» деген сыбыс тараған еді. 

2023 жыл қорытындысына байланысты есеп беру кезінде цифрлық даму министрі қазақстандықтарды интернет гигиена сақтауға шақырған. Ол 25 гб интернет қолдану шамадан тыс деп есептейді.

Сонымен қатар, ол тарифтің көп бөлігі халықаралық әлеуметтік желілер мен видео-хостингтерге кіруге пайдаланылатынын атап өтіп, желіні шектен тыс пайдаланудың зияны да көп екенін айтты.

«Азаматтар интернет гигиенаны сақтауы керек деп есептеймін. Оператор тарифке берілген ақшаны өзі алып қоймайды. Оны халықаралық трафикке төлейді. Оған қоса, трафиктің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар жұмысы да бар», – деді министр.

Бағдат Мусин бұған дейін, министрліктің құзыретіне тарифтерді реттеу жұмыстары кірмейтінін мәлімдеген еді.

Қандай нарықта тарифтер басқарылуы керектігі айтылған арнайы заң бар. БҚДА қайтадан тарифтердің мемлекеттік басқаруға өткізу туралы ұсыныс жасады. Егер БҚДА солай жасаған дұрыс деп санаса, біз бұл жағдайды талдап, қарастыратын боламыз. Дұрыс айтасыздар, ашық, таза бәсекелестік болуы керек. Тек әділ бәсекелстік қана әділ баға қоюға мүмкіндік береді. Сол мақсатта Үкімет «Самұрық-Қазынаға» бір мобильді операторды «Қазақтелеком» құрылымынан шығарып, жеке нарыққа жіберу туралы талап қойып отыр. Өйткені тек жеке нарық қана әділ тариф орнатуға жол ашады», – деген еді министр.

Дегенмен, ол байланыс операторларын қазақстандықтарды ықтимал ақаулар туралы ескертуге міндеттейтін заңнамаға түзету енгізу қажет екенін айтқан болатын