Қытай қолайсыз ауа-райына байланысты мақта өндірісін биыл 6,1% – ға төмендетті
Жарияланды
Қытай 2023 жылы мақта өндірісін 6,1% – ға, яғни 5,618 млн тоннаға дейін қысқартты. Бұл туралы Интерфакс ру агенттігі хабарлады.
«Ауа-райының қолайсыздығы Қытайдың ауыл шаруашылығын тұралатып тұр. Елдің мақта алқаптарының жалпы көлемі биыл 7,1% – ға азайып, 6,9 млн акрды (2,788 млн га) құрады. Бұл өнімділікті 1,1% – ға азайтты»-делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, ҚХР-да мақта өндірісінің жалпы көлемі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 4,3% – ға, яғни 5,98 млн тоннаға дейін ұлғайды.