Жаңалықтар

АШМ елді мекендер мен қалаларда микрокредит беру қағидаларын бекітті

Несиелеу мерзімі 5-7 жылды құрайды / Фото: kursiv.media

Елді мекендер мен қалаларда микрокредит беру қағидалары бекітілді. Бұл жайлы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Шағын несиелер өтініш берушілерге мерзімі, төлеу, қайтару, қамтамасыз ету және мақсатты пайдалану қағидаттарының шарттары келесідей:

  • шағын несие беру мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына шағын несие беру – 7 жылға дейін;
  • шағын несиенің ең жоғары мөлшері – 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 АЕК-ке дейін.
  • Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5%-дан аспайды;
  • кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
  • негізгі борыш пен сыйақыны өтеу жөніндегі жеңілдікті кезең шағын несиелеу мерзімі 1/3 аспайды;
  • шағын несие беруге мақұлдау алғаннан кейін ҚР салық заңнамасына сәйкес салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу;

Елді мекендердің және шағын қалалардың жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының кірістерін арттыру жобасын іске асыру шеңберінде шағын несиелер алуға жұмыссыздар, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және жек кәсіпкерлер, отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өтініш бере алады. Сонымен бірге сату үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер де несиелеуге қатыса алады.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді, ол 16 мыңнан астам шағын несие беруге бағытталады. Бұл 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді»,- делінген хабарламада.