Халық Банк 2015 жылы «Қазкоммерцбанк»-тан алған мемлекеттік көмектің 40 млрд теңгесін мерзімінен бұрын өтеді
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2015 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ алған тарихи мемлекеттік көмектің 40 млрд теңгесін мерзімінен бұрын өтегені туралы хабарлады.
Бұған дейін, 2023 жылғы 5 маусымда «Қазақстан Халық Банкі» мемлекеттен алған көмегінің бір бөлігін, яғни 28,4 млрд теңгені уақытынан бұрын төледі. Осылайша, 2023 жылы мемлекетке мерзімінен бұрын қайтарылған ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 68,4 млрд теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Halyk Bank 250 млрд теңге көлеміндегі депозит түріндегі мемлекеттік көмекті 2015 жылы «Казкоммерцбанк» алған. Осыдан 5 жыл бұрын Қазком мен Halyk Bank біріктірілгеннен кейін, ақшаны қайтару «Halyk Bank»-тің міндеті болып қалды. Осының барлығы заңнаманың өзгеруіне байланысты.
«Қазақстандық тұрақтылық қоры» депозиті бойынша 68,4 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражатты қайтару мерзімі – 2037 жылға дейін деп көрсетілген болатын.