Алматыда 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Алматы әкімдігі биыл сапасыз құрылыстан 1 мыңнан астам заң бұзу анықталғанын хабарлады. Нәтижесіне 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылған.
Олар:
- «АРТЕМИДА ЛТД» ЖШС;
- «ТриА Холдинг» ЖШС;
- «Ремстрой» ЖШС;
- «ABM Building» ЖШС (шағын лицензиясы);
- «Debo Stroy» ЖШС (шағын лицензиясы);
- «ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС (шағын лицензиясы);
- «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС (шағын лицензиясы);
- «DP ENGINEERING GROUP» ЖШС (шағын лицензиясы).
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыс саласындағы заңнаманы 1140 рет бұзуды анықтаған. Олқылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді.
«Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды»,– делінген хабарламада.
Жазда Алматы әкімдігі құрылысты уақытында бітірмеген мердігер компанияны сотқа берген болатын.
Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы құрылысынан бірталай олқылықтарды анықтаған. Біріншісі, қала құрылысы жүйелі жоспарланбаған. Талдау барысында Алматының бас жоспары 2011 жылдан бері жаңартылмағанын, осыған байланысты 63 мың гектардан астам жердің функционалдық аймақтары экологтардың, СЭҚ және ТЖ органдарының қатысуынсыз өзгерген. Ең қауіптісі, «Тау алыбы» шағын ауданында сібір жарасы көмілген орынға жақын жерде тұрғын үй кешендері белсенді салына бастаған.
Екіншіден, әкімдіктің лауазымды адамдары жердің нысаналы мақсатын өз қалауы бойынша өзгертіп отырған. Мысалы, саяжай учаскелерінің орнына ЖТК салынған. Мұндай өзгеріс салдарынан кадастрлық құн айырмашылығын төленбеген. Мысалы, 2021 жылы қала тұрғындарының бірі 2 гектар жер учаскесінің нысаналы мақсатын «ЖҚШ»-дан «ЖТҮҚ»-ға өзгерткен. Алайда кадастрлық құнның 126 млн теңге мөлшеріндегі айырмасы төленбеген.