Жаңалықтар

S&P Global Ratings «ҚазМұнайГазға» тиімді мұнай бағасын атады

Фото:ҚазМұнайГаз

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі «ҚазМұнайГаз» компаниясы 2024-2025 жылдары-Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 85 доллардан сатылса ғана, кредит төлеу қабілетін сақтай алады деп тұжырымдайды.

«Біздің болжам бойынша, 2024-2025 жылдары Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 85 доллар деңгейінде қалыптасса, ҚМГ кредит төлеу қабілетін сақтай алады. 2023 жылы ҚМГ-ның Қашаған кенішіндегі 16,88% үлесі алғаш рет толық көлемде шоғырландырылды, бұл біздің бағалауымызша, ҚМГ-ның жылдық EBITDA-сына шамамен $1,4 млрд қосады», – делінген хабарламада.

Агенттік ҚМГ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BB+» деңгейінде растады. Болжам – «Тұрақты», бұл ретте меншікті кредит қабілеттілігін рейтингі «bb –» – ден «bb» – ге дейін көтерілген.

S&P компания мұнай бағасына байланысты жақсы қарж нәтиже көрсетуін жалғастырады деп болжайды.

Ал айналым капиталы (FFO) өзгергенге дейінгі операциялардан түскен ақша ағынының қарызға қатынасы 2023-2025 жылдары шамамен 60% құрайды. Агенттік ҚМГ мемкеттің қолдауына ие болуы ықтималдыңы жоғары деп атап өтті.

Мұнайдың қазіргі бағасы компанияның бос операциялық ақша ағынының (FOCF) жоғары мәнін қалыптастырды: 2023 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған 12 ай ішінде ол 573 млрд теңгені немесе 1,3 млрд долларды құрады.