Инфляцияның төмендеуіне Ресейден келетін арзан импорт әсер еткен жоқ – вице-министр
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев елдегі инфляция деңгейінің төмендеуіне Ресейден келген арзан импорт әсер етті дегенмен келіспейді. Оның айтуынша, азық-түлік бағасына көптеген факторлар әсер етеді. Арзан импорттың артуы -сол көп фактордың бірі ғана.
Журналистер вице-министрден «кейбір сарапшылар инфляцияның төмендеуін Ресейден келетін арзан тауар импорттың артуымен байланыстырады, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе», деп сұрады
«Қазақстанда нарықтық экономика екенін айтып өткім келеді, Тауар бағына көптеген фактор әсер етеді. Біз әсер ете алатын факторлар: азық-түлік өндірушілер, сауда желілері және өзге де нарық қатысушыларымен жұмыс. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қалыптастырудан әсеріміз үлкен. Басқа азық-түлік тауар бағасына импорт та, ішкі өндіріс те өз әсерін тигізді», -деді ол.
Вице-министр 2024 жылы да әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын реттеу жалғасатынын мәлімдеді.
«Министрлік әлеуметтік маңызы бар 19 тауар түрі бойынша жұмыс жүргізеді. Сол тізімдегі тауар өндірушілер және сауда желілерімен тікелей жұмыс істеп, азық-түлік қатты қымбаттамас үшін, үстінен қосылатын үстеме ақысын реттеп отырамыз», – деді вице-министр.
Жыл басныда елдегі инфляция 20 пайыздан асып, азық-түлік қымбаттағаны белгілі. Желтоқан айына қарай инфляция екі есе дерлік азайып, 10 пайызға дейін төмендеді.
Биыл шілдеде кейінші бір жарым жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апталық индексі төмендеген. Апталық төмендеу көрсеткіші -0,1%, бір айдағы көрсеткіш -0% құраған.