Қазақстандық мұнай экспортының шамамен 80% өтетін «Каспий құбыр консорциумы» (КҚК) мәжбүрлі түрде бірнеше күн тоқтағаннан кейін өз жұмысы қалпына келді.
«2023 жылы 22-26 желтоқсан аралығында КҚК теңіз терминалында ауа райы жағдайлары байланысты (қатты жел мен толқындардың көтерілуі) мұнай тасымалдау толығымен тоқтатылды, танкерлер күту аймақтарына өтті. Жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау үшін теңіз терминалының резервуарлық паркі ашылды. 25-28 желтоқсан аралығында Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры арқылы тасымалдалуы тиіс мұнайды сақтауға арналған барлық резервуарлар толып қалып, қабылдау тоқтатылды», — делінген хабарламада.
26-27 желтоқсанда ауа райы жақсарғаннан кейін теңіз терминалы жұмысын қайта бастап 218 мың тонна жүк тасымалдауға мүмкіндік берген. 28 желтоқсанда мұнайды жөнелту жұмыстары толығымен қайта іске қосылып, қазіргі уақытта КҚК мұнай құбыры жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Каспий құбыр консорциумының мұнай жөнелту мүмкіндігін 2024 жылға қарай жылына 80 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Shell концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында мәлімдеді.
1Осы уақыт аралығында КҚК-ның өткізу мүмкіндігі 2,5 есеге жуық өсіп, жылына 67 млн тоннаға дейін жетті. 2024 жылға қарай осы көрсеткішті 80 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кету керек, КҚК қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты, бұл құбыр арқылы елде өндірілген «қара алатынның» 80%-дан астамы тасымалданады.
КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть (MOEX: TRNF) бақылайтын 24%, баланста 7%) – 31%, Қазақстан (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%) – 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKOIL International GmbH – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, E.A.ni. Н.В. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.