Биотехнология. Медиахолдинг. Тамақ. Қай сала компанияларының акциясын сатып алу көбірек кіріс әкеледі?

Жарияланды
Акцияларды таңдағанда неге сүйену керек / архив kursiv.media

Жаһандық биржада акциялар бағасының біресе аспандап, біресе құлдырап, өзгеріп тұруы – қалыпты құбылыс. Ал, кіріс әкелетін акциялардың арасынан оңтайлысын таңдау да оңай емес. Әрі инвестиция әлеміне енді қадам басқан бастауыш инвесторға тиімді ұсыныстар жиынтығын сараптап беріп отыру тіпті қажет. Осы орайда Freedom Broker нарықтағы бірнеше әлеуетті компанияны саралап, олардың акциясын сатып алуға кеңес береді. Сол кәсіпорындарға біртіндеп тоқталып өтейік.

Shake Shack Inc. (SHAK). Жылдам қызмет көрсететін америкалық мейрамханалар желісі.

Ас мәзірінің негізін сэндвичтер, ыстық тағамдар, балмұздақ және салқын сусындар құрайды.

Инвестициялық тартымдылық факторы:

• Компания танымал брендке ие, тиісінше танымалдылықты кеңейтуге бағытталған маркетингтік саясат жүргізеді.

• Жоғары өсу қарқыны байқалады. 2022 жылы желі 69 мейрамханаға (+ 16%) ұлғайды. 2023 жылдың үш қаржы тоқсанында мейрамханалар саны 495-ке жетті. Кіріс те өседі деген сөз.

• Аймақтық экспансия. Желі 15 елде ұсынылған. Шетелдік базарлардағы мейрамханалар саны 176-ға жетті. Шетелде мейрамханалар саны үй нарығына қарағанда жылдам өсіп жатыр. Алдағы экспансия үшін мүмкіндіктер айтарлықтай кең, жақын арада мейрамханалар Канада, Багама, Израиль және Малайзияда ашылады.

• Желіні дамытудың лицензиялық моделі. Түсімдегі лицензиялық төлемдердің үлесі әзірге жоғары емес, үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша – 4,1%. Бірақ оның ұлғаю үрдісі бар. Мұндай тәсіл желіні дамытуды үнемдеуге және брендті пайдаланудан кепілді кіріс алуға мүмкіндік береді.

• «Дұрыс тамақтану» тренді. Ет өнімдерінде антибиотик, гормон, ГМО жоқ, сондай-ақ табиғи сүт пен шырындар мен шайға көшу орын алды.

• Жақсы қаржылық нәтижелер. Компания үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша пайдаға шықты. Түсім – 265 млн доллар.

• Акциялар Russell 2000 индексінің құрамына кіреді, оның динамикасы соңғы кездері нарықтан озып келеді.

Жалпы алғанда, Shake Shack – орта мерзімді перспективадағы инвестициялық тартымды компания. 280 млн доллардан астам ақша қаражаты мен өтімді активтердің едәуір қоры сауда желісін қарыз жүктемесінің айтарлықтай өсуінсіз ұлғайтуға мүмкіндік береді. Пайдаға шығу және тұтастай алғанда қаржылық көрсеткiштердiң жақсаруы рейтингтердi көтеруге және инвесторлардың, оның iшiнде iрi инвесторлардың қызығушылығын арттыруға әкеп соғуы мүмкiн.

Shake Shack қағаздарының нысаналы бағасы – 80 доллар.

Warner Bros. Discovery. Ірі медиахолдинг.

WBD HBO, Discovery Channel, CNN, TNT Sports және басқа да телеарналарға ие. Сондай-ақ медиагруппаға Discovery +, Max стримингтік сервистері кіреді. WBD франшизаларының арасында «Гарри Поттер», «Тақтар таласы», «Сақиналар иесі» бар. 2023 жылы компанияның ірі табысы прокатта 1 млрд доллардан аса қаржы жинаған және WBD тарихындағы ең кассалық фильм атанған «Барби» фильмі болды.

Инвестициялық тезистер:

  • WBD акциялары 2023 жылдың үшінші тоқсанындағы соңғы есептен кейін төмендеді. 2023 жылғы 4 желтоқсандағы жағдай бойынша 8 қарашадағы есеп беру күнінен бастап WBD акциялары 2%-ға төмендеді.
  • Компанияның акциялары қазіргі сәтте сәуірге қарағанда 26%-ға арзан, ол кезде компания HBO Max стримингтік сервисінің жай ғана Max ребрендингін, сондай-ақ кітап циклінің жаңа экранизациясы аясында Гарри Поттер туралы сериалды түсіру жөніндегі жоспарларды қамтитын өзінің ұзақ мерзімді жоспарларының тұсаукесерін өткізген еді. Осы күннен бастап байқалатын акциялардың жағымсыз динамикасын біз нарықтың менеджмент жоспарларын төмен бағалауымен байланыстырамыз.
  • Қаржылық көрсеткіштер компанияның қаржылық жағдайының жақсарғанын көрсетеді. 2023 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша WBD түсімінің өсуі жылдық 2%-ды, EBITDA өсімі (менеджменттің есебіне сәйкес) жылдық 23%-ды құрады. Сондай-ақ компания 2 млрд доллар көлемінде оң ақша ағынына ие болды.  
  • Стриминг пен ақылы HBO теледидарын қамтитын сегмент тоқсанда оң EBITDA әкелгені де маңызды, ал бір жыл бұрын көрсеткіш теріс болған еді.

Тұтастай алғанда, WBD-нің қаржылық жағдайы нарықтың күтуінен жақсарады.

WBD мақсатты бағасы – 21 доллар.

Alnylam Pharmaceuticals. Биотехнология саласындағы компания.

Alnylam (ALNY) – генетикалық ауруларды емдеуге арналған РНҚ технологиясына негізделген терапияны әзірлеуге маманданған американдық биотехнологиялық компания. Компания кірісінің 61%-ы – АҚШ-қа, 30%-ы Еуропаға тиесілі. Сондай-ақ компания Азия-Тынық мұхиты аймағында және Таяу Шығыста да жұмыс істейді.

2023 жылдың үшінші тоқсанындағы Alnylam есебі инвесторлардың күткенінен жақсы болды. Негізгі франчайзингтерге сұраныс күшті болып қала береді.

Негізгі инвестициялық тезистер:

  • Alnylam терапевтік siRNA-ны дамытуда көшбасшы болып саналады, нарықта айтарлықтай үстемдікке ие. 2023 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша FDA siRNA-ның бес препаратын жалпы мақұлдады, олардың ішінде тек Leqvio (inclisiran) орфандық емес.
  • 2024 жылдың басында AMVUTTRA препаратының HELIOS-b (III кезең) зерттеуінің соңғы нәтижелері жарияланады деп күтілуде. Тұқым қуалайтын науқастарда кардиомиопатияның қосымша индикациясы транстиретин амилоидозы (hATTR) компанияға науқастардың мақсатты популяциясын арттыруға және AMVUTTRA нарықтық позициясын жақсартуға мүмкіндік береді.
  • Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар емделушілерде zilebesiran препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеген KARDIA-1 (II кезең) зерттеуінің үмітті нәтижелері 2023 жылы үшінші тоқсанда жарияланғаннан кейін, Alnylam zilebesiran зерттеуін KARDIA-2 (II кезең) зерттеуінде жалғастыруға ниетті.

Алдағы айларда Alnylam бірнеше маңызды клиникалық бағдарламаларда ілгерілеуді көрсете алады, бұл инвесторлардың назарынан тыс қалмайды.

ALNY акцияларының мақсатты бағасы – 198 доллар.

Schlumberger. Мұнай сервисі саласының әлемдік көшбасшысы.

Schlumberger (SLB) – ұңғымаларды бұрғылау, мұнай мен газ өндіруді қарқындату қызметтерін ұсынатын жетекші мұнай сервистік компаниясы. Компанияның бизнесі географиялық әртараптандырудың жоғары дәрежесіне ие. Компания кірісінің шамамен 20%-ы – АҚШ-қа, Канада мен Қытайға 5%-дан келеді.

Біздің ойымызша, SLB акциялары алдағы айларда бірнеше себептерге байланысты өсу әлеуетіне ие.

Компанияның кірісі үшінші тоқсанда жылына 11%-ға, 8310 млн долларға (+3%) дейін өсті. Үшінші тоқсандағы таза кіріс 13,5%-ға жетті, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 12,1%-ды құрады (2023 жылдың екінші тоқсанында – 12,8%).

Күшті нәтижелер компанияға акционерлерге төлемдерді көбейтуге мүмкіндік береді. 2022 жылы Schlumberger тоқсандық дивидендтің мөлшерін 40%-ға арттырды, 2023 жылы өсім тағы 43% болды. Біздің ойымызша, 2023 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша (есептілік қаңтардың екінші жартысында шығады) компания дивидендті тағы 20%-ға арттыра алады, кіріс те мол болады деген сөз. Бұл баға белгілеулерге оң әсер етеді. Дивидендтер төлеуден басқа, SLB 2023 жылы акцияларды сатып алуды қайта бастады. Үш тоқсанда компания байбэкке 594 миллион доллар жұмсады. Төртінші тоқсанда акцияларды сатып алуға тағы 200 миллион доллар жұмсалуы мүмкін.

Schlumberger акцияларының мақсатты бағасы – 62 доллар. Ағымдағы баға – 57 доллар, кіріс әкелетін өсу әлеуеті 9%-ды құрайды.

Freeport McMoRan. Жария саудалайтын ірі мыс өндірушісі.

Компания кенді өндіруден бастап бастапқы металлдарды тазартуға дейінгі өз кәсіпорындарының вертикалды интеграциялануын жүзеге асырады. Компанияның құнын бағалау келешекте мысқа сұраныс ұсыныстан асып түседі, бұл өз кезегінде мыс бағасының өсуіне әкеледі деген болжамға негізделген.

Мыс – келешектің  металлы: мыс электр сымдар жүйесі мен тұрмыстық техникадан бастап инфрақұрылымға дейінгінің бәрінде қолданылады, әрі оған деген сұраныс бүкіл әлемде тұрмыс деңгейінің артуымен, көлікті электрлендірумен, сондай-ақ 5G желілерін, IoT, ақпарат орталықтары мен мыстың орасан көлемін қажет ететін кез келген технологияларды ендірумен айтарлықтай өсе түсіп отыр.

Саладағы басым жағдайы:

  • Freeport металлургия және тау кен өндіру өнеркәсібіндегі ең ірі өндірушілердің бірі.
  • Компания мысты салыстырмалы түрде арзан – бір фунтын 1,5 доллар бағамен өндіре алады, бұл әлемдік мыс өндірушілері арасында 90-дық перцентильге сәйкес келеді.
  • Индонезиядағы зауыт бір фунты үшін 0,44 доллар бағамен мақтана алады, бұл ұзақ мерзімді келешекте компанияның  EBITDA маржасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы дәлелденген және ықтимал қорлар – ақша ағындарының негізгі ұзақ мерзімді драйвері. Freeport-тың жаңа кен орындарын ашу, қорлардың немесе активтерді сатып алудың ағымдағы бағалауларын қайта қарау нәтижесінде өзінің резервтік базасын ұлғайта алуы толықтай ықтимал. Компания геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді және бұрғылау аяқталғаннан кейін активтер базасын жиі ұлғайтады. Одан бөлек, Grasberg кен орнына концессия бейорганикалық өсімде мыс активтерін сатып алу үшін көптеген тиімді мүмкіндіктерді ашады.

Сондай-ақ оқыңыз