Қатты боран мен жел: Төтенше жағдайлар қызметі Астана тұрғындарына ескерту жариялады
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындарын қала сыртына шығудан бас тартуды және сақ болуға шақырады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 29-31 желтоқсан аралығында Астанада қалың қар жауып, жел күшейіп, бұрқасын күтіледі.
«Ауа райының күрт нашарлауына, атап айтқанда, бұрқасын, қар жаууы және желдің жылдамдығы 28 м/с жетуіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартуды және сақ болуға шақырады», – делінген хабарламада.
ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салды
Дауылды желдер кезеңінде бірінші кезекте электр желілері мен жабдықтарының, тұрғын үйлердегі жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырының, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы дайындық жұмыстарын жүргізу қажет.
– Пәтерде сіз жоқта кенеттен электр тогы қосылған кезде өрт болмас үшін барлық электр құрылғыларының қуатын өшіріп, барлық ток көздерін ажаратып кетіңіз. Сондай-ақ жеке көліктерді ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алыс жерлерге қойыңыз.
-Пәтердегі барлық терезелерді мықтап жабу ұсынылады.
-Сыртта қатты желде қалып қалсаңыз, құтқарушылар қауіпсіз жерлерді паналауға кеңес береді.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан дауылды ескерту кезінде жолда сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ұзақ сапарға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 29 желтоқсан күні таңертеңнен бері елордада қар тазалау жұмыстарына 2344 жол жұмысшысы мен 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Желтоқсанның 28-нен 29-ына қараған түні Астанадан 17 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 1478 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.
Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығынан Алматыдан Астанаға ұшып барған SCAT ұшағы әуежайға қона алмай кері қайтты,