Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңа аудандар құрылады
Абайской облысында жаңа екі аудан құрылады / Фото: akorda және shutterstock
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылынан Қатонқарағай ауылына көшіріледі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңа аудандар құруға қаулы шығарды. Бұл Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Қаулыда Шығыс Қазақстан облысының құрамында:
1) Қатонқарағай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданы;
2) Күршім ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Марқакөл ауылында орналасатын Марқакөл ауданы құрылсын.
3. Абай облысының құрамында:
1) Үржар ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Мақаншы ауылында орналасатын Мақаншы ауданы;
2) Семей қаласының құрамынан Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Ертіс, Новобаженово, Озерка, Приречный, Жиенәлі, Достық, Қараөлең, Көкентау ауылдық округтері мен Шүлбі, Шаған кенттерін бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласының аумағында орналасатын Жаңасемей ауданы құрылуы жайлы айтылған.
«Орталық мемлекеттік органдар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының жергілікті өкілді және атқарушы органдары орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен ұйымдардың іркіліссіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын», – деп жазылған хабарламада.
Жарлық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.