YURTA жүйесіне иелік ететін «Республика» қаржы холдингі өз акцияларын мамандандырылған сауда-саттық әдісімен кері сатып алын жатыр. Холдинг жалпы аны 49 мың жай акциясын 10600 теңгеден сатып алмақ. Бұл туралы ұйымның Қазақстан қор биржасына жолдаған ақпаратында жазылған.
Акцияларын кері сатып алу туралы шешімді диекторлар кеңесі 19 желтоқсандағы отырысында қабылдаған.
Қаржы холдингінің негізі акционері – еліміздің 50 ірі кәсікерінің қатарына кіретін Еркін Көшкінбаев. Оған акциялар пакетінің 89,99 пайызы тиесілі. Ал 10 пайыз акциясы SUCCESSFUL INVESTMENT TRUST» LLP иелік етеді. Аталмыш компанияның да түкілікті иесі – Еркін Көшкібаев.
Холдинг YURTA брендімен жұмыс істейді. Оның қызмет бағыты бірнешеу: қаржы технологиялардың ақпараттық жүйесін енгізу және дамыту, электронды төлемдер, баспана, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да қызмет түрлеріне төлем құжаттарын жеткізу және өңдеу, сондай-ақ инвестициялық қызмет.
KASE-дегі мәлімен бойынша, компания акцияларының сомалық нарықтық құны – 15 910,60 млн KZT ($35,07 млн) құрайды. Компанияның 3 млн жай акцияларын жарияланған, оның 1,45 миллионы қор нарығында айналымда жүр.
Бұған дейін қаржы холдингі бір құнды қағазын 1,5 мың теңге деп бағалап, 100 мың жай акция орналастырғанын хабарлады.