Жаңалықтар

Мораторий аяқталғаннан кейін бизнесті жаппай тексеру болмауы керек – Смайылов

документы
Мораторий аяқталда бизнесті жаппай тексеру болмайды / Shutterstock

2024 жылы бизнесті тексеруге мораторий алынып тасталғаннан кейін жаппай тексеру болмайды. Бұл туралы 24.kz басылымына берген сұқбатында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

«Мораторий аяқталғаннан кейін елде жаппай тексеру болмауы керек. Адал кәсіпкерлердің алаңдауына еш негіз жоқ», — деді премьер.

Смайыловтың айтуынша, қолайлы бизнес-ортаны құру мақсатында тексеру жүргізген.

«Біз бизнес қауымдастықпен бірлесіп, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін шектен тыс талаптарды анықтау бойынша үлкен жұмыс атқардық. Нәтижесінде 10 мыңнан астам негізсіз талапты анықтадық. Бүгінде оның 9 мыңының күші жойылды. Қалғаны келер жылдың басында Парламентте тиісті заң қабылданғаннан кейін алынып тасталады», — деді Смайылов.

Премьер адами факторды жоя отырып, мораторий аяқталғаннан кейін жаппай тексеру жұмыстарын автоматтандыру іске асып жатқанын айтты. Осылайша тексеру саны 2 есеге қысқарады. 

Оның айтуынша, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі ЖІӨ-нің 36,5%-ына дейін өсті. Биылдың өзінде мұнда жұмыспен қамтылғандар саны 500 мыңға артып, 4,3 млн адамға жетті. Өсу қарқыны шамамен 14% құрады.

Осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда сын-қатерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі 2024 жылы іске қосылып, нәтижесінде кәсіпкерлерді жоспарлы тексеру саны екі есе қысқаратынын айтқан. Ал бизнеске салынатын айыппұл қататары бірнеше есе азаяды. 

Мемлекет басшысының айтуынша, үкімет пен бизнес-қоғамдастық бірлесіп, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін артық талаптарды тексерген. Соның нәтижесінде, 10 мыңнан астам заң нормасы жаңа реттеуші саясаттың негізгі талаптарына сай келмейтіні анықталған. 

«Бүгінде оның 90 пайызы күшін жойды. Қалғаны жыл соңына дейін ретке келтіріледі. Сын-қатерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі бақылаушы органдардың бизнеске қысымын шектеудің маңызды құралына айналады», деді ол. 

Сын-қатерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі 2024 жылы іске қосылып, нәтижесінде кәсіпкелерді бей-берекет тесеру азаймақ

Ол 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады және адамның қатысуынсыз тексеруді белгілеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, бизнеске жоспарлы инспекция жасау екі есе қысқарады. Ал айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды», – деді Президент.

2020-2022 жылдары ел президенті жарлығымен кәсіпкерлердің жұмысын барып тексеру, профилактикалық бақылау мен қадағалауға үш жылға мораторий енгізілген еді.

«2023 жылдың қаңтарынан бастап республикада кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімі – мемлекеттік нормативтік актілерді тұрақты негізде қайта қарауды қамтамасыз ететін тетік жұмыс істей бастайды», деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ақпараттық ресурсы. 

Тізілімде талаптар болмаса немесе олар бойынша белгіленген мерзім қаралмаса, кәсіпкерлік субъектілері оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. 1 қаңтардан бастап ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексерулер жойылып, тексеру мен жазалаудан заң бұзушылықтың алдын алуға көшті.