2-4 қаңтарда Ақмола, Абай, Жетісу облыстарында жол жабылады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
2-4 қаңтарда Ақмола, Абай, Жетісу облыстарында жол жабылады / shutterstock

2-4 қаңтарда Ақмола, Абай, Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде жол жабылады.

«Ақмола, Абай және Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабылды», – деп хабарлады ТЖМ.

2-4 қаңтар аралығында ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар өңірлерде дауылды ескертулер жарияланды.

Сондай-ақ, министрлік дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарларға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес берді.

Күн райының қолайсыз болуына байланысты Астана әуежайы жабылды.

29 желтоқсанда Алматыдан Астанаға ұшып барған SCAT ұшағы әуежайға қона алмай кері қайтқанын жазған болатынбыз

Ал Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайынан 12 рейс ұша алмай, 19 рейстің келуі уақыты кешігіп жатқанын хабарлап, тізімін жариялады. 

Сондай-ақ оқыңыз