Қазақстан банктерінің кредиттік портфелі 11 айда 17,8% өсті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстан банктерінің кредиттік портфелі 11 айда 17,8% өсті / shutterstock

Қазақстан банктерінің кредиттік портфелі 2023 жылы қаңтар-қараша аралығында жыл басымен салыстырғанда 17,8% өсті.

«Қазақстан банктерінің кредиттік портфелі 2023 жылғы қараша айының соңындағы жағдай бойынша жыл басымен салыстырғанда 17,8% – ға өсті. Көрсеткіштің өсуі ұлттық валютада кредиттеуді 19,6% – ға кеңейту есебінен қалыптастырылды, ал шетел валютасында 2,7% – ға төмендеу байқалды», – делінген Еуразия даму банкінің хабарламасында. 

Банк ақпаратына сүйенсек, 2023 жылы халыққа несие берудің жоғары қарқыны байқалады. Жыл басымен салыстырғанда 24% өскен. Ал корпоративтік портфель 9,3% өскен.

Еуразиялық экономикалық одақтың өзге елдерімен салыстырғанда, Қазақстандағы тұтынушылық кредиттік портфелі жоғары болған. Қазақстан кейін ең жоғары деңгей ретінде Арменияда – 9,4%, Беларусьте -13,6% көрсетілген.

2023 жыл, 25 тамыздан бастап Ұлттық банк базалық мөлшерлемені соңғы үш жылда тұңғыш рет төмендетті. Нәтижесінде, базалық мөлшерлеме +- 1% дәлізімен 16,5% деңгейінде қалыптасқан. Яғни мөлшерлеме 25 базалық тармаққа түсті. Бұл жағдайдың қазақстандық банктердің кредиттік портфеліне қалай әсер ететінін экономист сарапшыдан сұрап білген едік.

Экономикалық зерттеулер институты сарапшысы Тоқтасын Бақбергеннің пікірінше, Негізінен, инфляцияны тежеу үшін жоғары базалық мөлшерлеме теориялық тұрғыдан қажет, өйткені кредиттер қымбаттап, ал депозиттер тиімдірек болуы тиіс. 

«Нәтижесінде, базалық мөлшерлеменің жоғарылауы тауарлар мен қызметтерге сұранысты шектеуі керек, ал бұл баға деңгейінің төмендеуіне әкелуі тиіс», деп жазады сарапшы Тоқтасын Бақберген.

Автордың Ұлттық Банктің мынадай деректерін келтірген: орташа есеппен банк жүйесі ай сайын өзінің кредиттік портфелін айына 1,7%-ке ұлғайтады. Жылдық мәнде кредиттік портфель 2023 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша 2022 жылғы тамыздың қорытындысымен салыстырғанда 23%-ке өсті.

«Айта кету керек, ЕДБ кредит портфелінің құрылымындағы ШОБ-қа жатпайтын заңды тұлғалардың қарыздарының үлесі соңғы бір жарым жылда 20%-тен аспайды» деп жазады автор. Сарапшының пікірінше,  бұл портфель дефолтының ықтимал жоғары тәуекелдерін тудырады.

Айта кету керек, 2023 жылы Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша 8 рет шешім қабылдайды. 6 қазан күні мөлшерлеме бойынша кезекті, осы жыл үшін жетінші шешім қабылданады. 

Сондай-ақ оқыңыз