Жаңалықтар

Астана және Алматы әкімдіктері жаңа жылдық безендіруге қанша қаражат жұмсады

оформление
Фото: Астана әкімдігі

Жаңа 2024 жыл қарсаңында Астана және Алматы әкімдіктері қала көшелерін безендірді. Елорда алаңдарында мұз айдындары, сырғанақтар, шағын архитектуралық фигуралар мен фотоаймақтар қойылды.

Астанада безендіруге қанша ақша жұмсалды

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жалып безендіруге 836 млн теңге жұмсалды. Көшелерді жаңа жылдық безендіру үшін былтырғы гирляндтардың, қондырғылардың және басқа да әшекейлердің бір бөлігі пайдаланылды.

«Аудандардың өздері безендірумен айналысты. Сарыарқа ауданы 146 млн теңге, Байқоңыр ауданы – 83 млн теңге, Алматы – 105 млн теңге, Есіл ауданы – 352 млн теңге, Нұра ауданы – 150 млн теңге жұмсаған», — делінген хабарламада.

«Мұз айдындарын, сырғанақтар, шағын архитектуралық фигуралар, фотоаймақтар және басқа элементтерді салу сияқты жаңа жылдық безендіру жүргізілді. Бес аудан аумағында барлығы 60-қа жуық мұз айдыны мен сырғанақ салынды», – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Алматыда қаланы безендіруге қанша қаржы жұмсалды

«Қаланың бір ауданын жаңа жылдық безендіруге орта есеппен 60 млн теңге бөлінді. Жаңа жылдық отшашуды демеушілер есебінен жүзеге асырылады»,– делінген хабарламада.

Алматыда сегіз аудан бар екенін ескере отырып, әкімдік жалпы қаланы безендіруге шамамен 480 млн теңге жұмсады.