Japan Airlines ұшағы Токио әуежайына қонған кезде жанып кетті

Жарияланды
пожар
Фото: shutterstock

Токионың «Ханэда» әуежайында Japan Airlines ұшағы өртенді. Japan Airlines әуе компаниясының хабарлауынша, борттағы 379 жолаушы мен экипаж мүшелерінің барлығы эвакуацияланған.

Не болды. Токио әуежайына қону кезінде Japan Airlines ұшағы өртенді. Бейнеде лайнерді шарпыған үлкен жалын көрінеді. Ұшақ толығымен дерлік жанып кетті, ал өрт сөндірушілер әлі де өртпен күресіп жатыр.

Өрттің нақты шығу себебі әзірге белгісіз. Алайда, Reuters агенттінің хабарлауынша, Japan Airlines рейсі «Haneda» әуежайына қонғаннан кейін, Жапония жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысқан болуы мүмкін деп хабарлайды.

Japan Airlines Corporation – Жапонияның ұлттық авиакомпаниясы. Ол – Азиядағы ең ірі авиакомпаниялардың бірі. Жанған ұшақ – 2021 жылы шығарылған Airbus A350 ұшағы. Бұл – Хоккайдо аралындағы Шин-Титос әуежайынан ұшатын JAL516 деп аталатын рейс.

Айта кетейік, кеше Жапонияда қатты жер сілкінісі болды.

Сондай-ақ оқыңыз