Жаңалықтар

Жапониядағы жер сілкінісі: 24 адам қаза тапты

Фото: РИА Новости

Жапонияның батысында 5, 6 және 7 баллдық жер сілкінісі болды. Соның ішінде әлемдегі ең үлкен атом электр станциясының жағалауында қатты жер асты дүмпулері сезілді.

Hokuriku Electric Power энергетикалық компаниясының деректеріне сәйкес, Жапонияның Исикава префектурасындағы ірі жер сілкіністерінен кейін шамамен 45700 үй қуатсыз қалды.

Жер сілкінісі салдарынан 24 адам қайтыс болды. Жарақат алғандар бар. Сондай-ақ, Жапония үкіметінің мәліметі бойынша, 97 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Елдің басым бөлігінде цунами қаупі жарияланды.

«5 метрге дейін цунами болуы мүмкін. Жергілікті әкімшіліктермен, полиция бөлімімен, өртке қарсы қызметтермен, өзін – өзі қорғау күштерімен және жағалау күзетімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, біз адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізуге бар күшімізді саламыз», – деді министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсимаса Хаяси.