Әлемдік қор нарықтары 2024 жылдың алғашқы сауда күнінде қандай көрсеткіш байқатты?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Әлемдік қор нарықтары

Фото: kursiv.media

Әлемдік қор индекстері, соның ішінде АҚШ қор нарығы негізгі индекстері 2024 жылды әртүрлі бағытта бастады. Қор индекстері 2023 жылы жақсы өсім көрсетіп, жақсы пайда түскен белгілі. Биылғы алғашық сауда күні S&P 500 – 0,6%, Nasdaq 1,6% жоғалтса, Dow Jones индесі 0,07% қосты. Бұл туралы KASE-нің қор нарығына шолуында жазылған.

Қазынашылық кірістің жоғарылауы мен Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістердің артуына байланысты технология саласындағы компаниялар ең нашар нәтиже көрсетті: Nvidia (-2,7%), Microsoft (-1,4%), AMD (-6%), Amazon (-1,3%) және Мета (-2,2%). Apple акциялары да iPhone сатылымы әлсіз болып тұрғандықтан 3,6%-ға төмендеді.

Еуропа қор индекстері 2024 жылдың бірінші сауда күнінде мемлекеттік облигация кірістілігінің өсуі, Еуропа мен АҚШ-тағы инфляция қарсаңында Stoxx 600 индексі 0,1%-ға төмендеп 478-ге дейін және DAX 40 0,1%-ға өсіп 16 760-қа жетті. Әлемдік қор нарығында Sartorius, Fresenius пен Commerzban акциялары сәйкесінше 2,3%, 2,2% және 1,3% өсті. Еуроаймақтың өңдеуші өнеркәсібінің PMI индексі желтоқсан айында 44,4-ке дейін өсті. Алайда жетінші ай қатарынан сектор қысқарып, өндіріс пен жұмыс орындары азайып барады.

Жапон қор биржасы мерекеге байланысты жұмыс істемеді.

Ал Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,17%-ға өсіп, 2957-ге жетті. Caixin сауалнамасына сәйкес, Қытайдың өңдеу секторындағы өсім желтоқсанда күтпеген жерден жеделдеген. iSoftStone (+2,3%), Xinlong Scientific (+4,6%) және Jiangxi Special (+5,3%) акциялары өссе, ал Goertek (-3,1%), COL Group (-1,3%) және Hubei W-OLF (-9,9) айтарлықтай төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз