Болат Өтемұратовқа тиесілі «Верный Капитал» компаниясының бас директоры ауысты
Болат Өтемұратовқа тиесілі «Верный Капитал» компаниясының бас директоры ауысты. Компания хабарламасында 2012 жылдан бері басқарып келген Ерлан Оспанов қызметінен кетіп, орнына Айдан Ақанов тағайындалғаны жазылған.
Компаниялар тобының акционері Болат Өтемұратов «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына компанияның қосар үлесін мейлінше арттыру» міндеті тұрғанын атап өткен.
Айдан Ақанов бұған дейін «Верный Капитал» компанияда бас директордың қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
«Верный Капиталда» 15 жыл жұмыс істеп келе жатқан Ақанов Қазақстанда да, шетелде де ірі инвестициялық жобаларды дамытумен айналысқан. 2019 жылдан бастап СFO қызметін атқарып, инвестициялық жобалардың қаржылық бағытына жауапты болған.
Arthur Andersen/Ernst &Young компаниясында жұмыс істеп, оған дейін канадалық компанияда қаржы директоры қызметін атқарды.
Сонымен қатар, Айдан Ақанов 2023 жылы Қарағандыдағы «Сары-Арқа» әуежайы директорларының құрамына енді. Компаниялар тобының бұрынғы басшысы Ерлан Оспанов әуежайды сатып алатыны хабарланған.
«2023 жылдың тамызында топ тарихында бірінші рет менеджмент тобының (management-buyout, МВО) компаниялардың бірін сатып алу оқиғасы орын алды, нәтижесінде Қарағанды әуежайының акциялары акционерден топ-менеджерлерге берілді. Осылайша, Ерлан Оспанов пен Айдан Ақанов оның иелері атанды. МВО- бизнес-тәжірибеде кең таралған мәміле түрі», -делінген хабарламада.
Компаниялар тобына Global Development (The Ritz-Carlton, Astana; The Carlton, Moscow; The Ritz-Carlton, Vienna; Rixos Borovoe); Forte Bank, RG Gold компаниясы, Burger King, «31»медиахолдингі мен Beeline байланыс операторы кіреді.