Ең дәулетті қазақстандық Құлыбаев, Bloomberg Billionaires Index тізіміне енбепті
Қазақстандық ең дәулетті, миллиардер Владимир Ким Bloomberg Billionaires Index тізімінде 349 орынға жайғасқан. Тізімге әлемдегі ең бай 500 адам енген.
Қазақстандағы ең бай азаматтар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева Bloomberg Billionaires Index тізіміне кірмей қалған. Forbes мәліметіне сәйкес, 2023 жылы олар 622-орында болған. Тимур Құлыбаев активтерінің құны – 4,7 млрд доллар, Динара Құлыбаева активтерінің құны – 4,7 млрд доллар.
Ал Bloomberg бағамдауынша, Владимир Кимнің иелігінде барлық актив құны 7,14 млрд долларды құрайды. Алайда өткен 2023 жылы оның активтері 18,7 млн долларға қысқарған.
Айта кетейік, 2023 жылы мамырда қазақстандық Forbes 62 жастағы Владимир Кимді елдегі ең дәулетті адам деп атап, оның байлығын 4,6 млрд долларға бағалаған. Ким KAZ Minerals Ltd. компаниясының президенті. Оның негізгі активтері «Қазақмыс» корпорациясы, RBK банк пен Kazakhmys Copper компаниясы.
Bloomberg Billionaires Index тізіміне 2023 жылдың желтоқсанына дейін «АрселорМиттал Теміртау» иесі болған Лакшми Миттал да енген. Ол 20,3 млрд доллармен 90-орынға жайғасқан. Bloomberg мәліметіне сәйкес, Миттал активтері бір жылда 212 млрд долларға қысқарған.
Әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі алғашқы ондықта 9 АҚШ азаматы мен 1 Франция азаматы бар. Ең бай адам Илон Маск (227 млрд доллар), екінші орында – Джефф Безос (175 млрд доллар) үшінші орында – Бернар Арно (173 млрд доллар).