Сақтандыру секторының активтері 1 айда 2,4 трлн теңгеге азайды
2023 жылы қараша айында сақтандыру секторының активтері 0,2% кеміп, 2,4 трлн теңгеге дейін азайды. Ал жалпы 2023 жылдың бастапқы 11 айында 18,2% өскен.
Активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға тиесілі, яғни 1,7 трлн теңге. Екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға 134,0 млрд теңге, дебиторлық берешекке 74 млрд теңге тиесілі. Ал саладағы ұйымдардың міндеттемелері резервтің өсуіне байланысты 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Компаниялардың меншікті капиталы негізінен инвестициялық қызмет шығындары есебінен 9,4 млрд теңгеге қысқарып, 899 млрд теңгеге жетті. Ал шетел валютасы құнын қайта бағалау есебінен 8,1 млрд теңге таза пайда түсті.
Қараша айында жеке және заңды тұлғалар бойынша құны 81,6 млрд теңге болатын 1 504 мың шарт жасалды. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 1,0%-ға көп. Өткен жыл басынан бері 11 ай ішінде құны 876,1 млрд теңге болатын 15 млн шартқа қол қойылған. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38,0% артық.
Былтыр жыл басынан бері міндетті сақтандыру үшін 173,3 млрд теңге сыйлықақы жиналған. Ерікті жеке сақтандыру бойынша 313,9 млрд теңге сыйлықақы жиналды. Ерікті мүліктік сақтандыру – 389,0 млрд теңге, автомобильді ерікті сақтандыру – 42,4 млрд теңге сыйлықақы жиналған.
2023 жылғы қарашада барлығы 99,7 мың төлем, 2023 жылдың басынан бері – 1 002,3 мың төлем жүзеге асырылды. Қазақстанда осы секторда 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 9 – өмірді сақтандыру ұйымы.