Құс тұмауы: Экологтар Қаракөл көліндегі аққулардың қырылу себебін анықтады

Жарияланды
аққулар
Аққулар құс тұмауына шалдыққан /Фото: instagram.com/mangystau_ecology_department

Қаракөл көліндегі аққулардың өлу себебіне қатысты Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мәлімдеме жасады.

Мамандар Қаракөл көлінің су сынамаларында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан аспағанын хабарлайды.

«2023 жылдың 21 желтоқсанында Үстірт мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Қаракөл көлінде қорғау шараларын жүргізу кезінде 30 аққудың (Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген) өлгенін анықтады. Осы факті бойынша қорық пен облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары ҚР ЭТРМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, ветеринария ұлттық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алды. Зерттеу нәтижелері бойынша өлген аққулардан құс тұмауының вирусы анықталған», делінген хабарламада.

2024 жылғы 2 қаңтардағы жағдай бойынша барлығы 227 өлі құс табылған. Оның 132-сі ветеринариялық заңнамада белгіленген тәртіппен жойылса, 2024 жылдың 3 қаңтарында 95 аққуды жою жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз